Жамбыл облысындағы балаларға қорлық көрсеткен күдікті ұсталды
Фото: Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметі
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Жамбыл облысы Талас ауданында кәмелетке толмаған екі баланы ұдайы таяқтың астында ұстаған адам туралы қылмыстық істі тергеуді жеке бақылауына алды, деп хабарлайды Orda.kz.
ІІМ мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Зардап шеккен балалар қажетті медициналық және психологиялық көмек алады. Сонымен қатар жергілікті полиция қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеру жүргізіледі.
Ведомствода атап өткендей, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген түрі қатаң түрде тоқтатылып, ал кінәлілер заң бойынша жауапқа тартылады.
Бұған дейін Талас ауданында екі жасөспірім табылды. Оларды бір ер адам күш қолданып, мал бағуға мәжбүрлегені белгілі болған. Балалар омбудсмені оларды Тараз қаласына - қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға қолдау көрсету орталығына жеткізілгенін, онда оларға психологиялық және заңгерлік көмек көрсетіліп, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Жаңалықтар
- Жас жұбайлар WhatsApp желісі арқылы 100-ден асам адамды алдап келген
- Қостанай облысында интернет-алаяқтарға SIM-карталарын қосып беріп отырған тұрғын ұсталды
- Әзербайжан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
- Жетісу облысында құтқарушы қызмет барысында қаза тапты
- Жемқорлықпен күресте туған бауырымды да аямаймын – Жапаров
- Алматыда суррогат ана қытайлықтардан 7,5 млн теңгесін ала алмай жүр: Екі ортада сәби тастанды атанды
- «Балаларымды көрмегеніме бір ай болды». Шымкентте кәсіпкер мен тоқалының арасында дау шықты
- Кәсіпкер Нұрлан Смағұлов пен Айдын Рахымбаев әлемдік миллиардерлер тізіміне енді
- Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағынан айырылды
- АҚШ Ормуз бұғазы маңында Иранның 16 мина қоятын катерін жойды
- 380 азамат «Sirius Energy» қаржы пирамидасының құрбаны болды
- Иран теңізге мина қоя бастады, АҚШ «теңдессіз соққымен» сес көрсетті. Таяу Шығысқа шолу
- Зеленский: Үшжақты келіссөздердің кезекті раунды келесі аптада өтуі мүмкін
- Ресейлік БАҚ: Әскер жасындағы ресейліктер Қазақстаннан депортациялануы мүмкін
- Уиткофф: Ресей Иранға барлау деректерін бермегенін мәлімдеді
- ҚР СІМ Таяу Шығыс елдеріне сапарламау туралы ескерту жасады
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды