Жаман иісті жоғалтып, мердігерлерді жазалау керек: Сатыбалды Алматының тағы бір ауданын аралап көріп, тағы да көңілі толмады
Фото: Алматы әкімдігі
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Түрксіб ауданы бойынша жүріп өтіп, жинақталған мәселелерді шешуді тездетуді тапсырды, деп хабарлайды Orda.kz.
Нұршашқан шағын ауданында - су мен электр қуатының тұрақты болмауы. Әкім жылу беру маусымы басталғанға дейін желі жұмысын аяқтауды және қажет болған жағдайда мердігерді ауыстыруды талап етті.
Огарев көшесінде болашақ балабақша мен шығармашылық орталығының параметрлері нормативтерді ескере отырып қайта қаралады.
Әлмерек және Маяк шағын аудандарында сумен жабдықтау, желілерді жаңғырту және амбулатория салу бойынша жобалар жүргізілуде. Кіші Алматы өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысы аяқталып қалған.
«Авиатор» спорт кешенінің орнында күніне 1300 адамға арналған бассейні бар спорт кешені пайда болады. Қонаев атындағы аумақта «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша балабақша мен тұрғын үйлер салынып жатыр. Мерзімін бұзған мердігерлер жазаланады.
Тұрғындар кәріздің иісіне, газдың жоқтығына, жолдардың нашарлығына және маршруттардың жетіспеушілігіне шағымданды. Әкім барлық өтініштерді бақылауға алуды тапсырды
Өткен аптада Дархан Сатыбалды «Жайлы мектептер» ұлттық жобасы бойынша Bazis-A компаниясы салып жатқан 2000 орындық мектептің құрылысын тексерді. Әкім мерзімнің кешіккеніне реніш білдіріп, құрылыс салушыдан нысанды тамыз айына дейін тапсыруды талап етті.
Жаңалықтар
- Талғардағы атышулы іс бойынша учаскелік инспекторға үкім шықты
- Алматыда жүк көлігін жалған құжатпен тіркеген арнайы ХҚКО қызметкерлері сотталды
- Ормуз бұғазын жапқан ирандық қолбасшы Әлиреза Тангсири қаза тапты
- Қонаевта жаттықтырушы кәмелет жасқа толмаған қыздарға азғындық жасады деп айыпталды
- Қораппен суға тасталған марғауларды полицей құтқарып алды
- Тарихта алғаш рет әйел адам Англикан шіркеуін басқарады
- Ресей Үкіметі: жаңа Конституция Қазақстан мемлекетінің іргесін нығайта түседі
- «Салық төлеушілердің көз жасы»: LRT-ның суымен көлігін жуған жүргізуші жұртты күлдірді
- Ер адам жас балаларды соққыға жыққан: Жәбірленушілер кешірім бергенге қарамай күдікті заң алдында жауап береді
- Алматыда жантүршігерлік жол апатынан кейін бақылау күшейтілді
- Тоқаев баршаға тең мүмкіндік беретін Әділетті Қазақстан туралы айтты
- Челябіде мектеп оқушысы сыныптасына оқ атып, кейін терезеден секіріп кетті
- Түрік танкеріне Қара теңізде шабуыл жасалды
- Алматыдағы әл-Фараби даңғылында тағы бір жүргізуші әйелді қағып өлтірді
- Су бетін жапқан өлі балық: БҚО-дағы су айдынында балықтар жаппай қырылды
- Ақтөбеде жүкті әйелді ауруханаға апара жатқан жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады
- Тегеран бес елдің кемелеріне Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді
- ҰҚК заңсыз контрабандамен айналысты деген 18 шетелдікті ұстады
- Ақтөбе облысында 99 жасөспірім қыз жүкті болды
- Алматыда мереке кезінде бес мыңнан астам адам жол ережесін бұзған