Зеленский Трамппен нені талқылады?

cover Фото: Зеленский мұрағатынан

Украина президенті Владимир Зеленский түнде телеграмдағы ресми парақшасына Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлескенін жазды. Қоңырауға президент Трамптың өкілдері – Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер де қатысқан, деп хабарлайды Orda.kz. 

Ол өзінің командаларына қарқынды жұмыс істеп, келіссөздерге, соғысты аяқтауға бағытталған жұмысқа белсенді қатысып, күш салғаны үшін алғыс білдірді.

«Сондай-ақ PURL бағдарламасын өте жоғары бағалаймыз. Биылғы қыс – Украина үшін ең қиын кезеңдердің бірі, алайда АҚШ-тан сатып ала алатын әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелеріне арналған зымырандар барлық осы сын-қатерлерден өтіп, адамдардың өмірін қорғауға зор көмегін тигізіп жатыр» деп жазды ол. 

Оның айуынша әңгіме ауаны ертең Женевада өтетін екіжақты кездесуде өкілдер талқылайтын мәселелер туралы, сондай-ақ наурыз айының басында толық құрамда үшжақты форматта өтетін келіссөздер командаларының келесі кездесуіне дайындық жайында сөз болған.

«Бұл кездесу көшбасшылар деңгейіндегі келіссөздерге өтуге мүмкіндік береді деп үміттенеміз. Президент Трамп осындай қадамдар сабақтастығын қолдайды. Күрделі әрі сезімтал мәселелердің барлығын шешіп, соғысты түбегейлі аяқтаудың жалғыз жолы – осы. Рахмет!» деп жазды Зеленский. 

Еске салсақ, жақында Зеленский соғыстың басталғанына төрт жыл толуына орай халыққа жолдау жасап, 2022 жылдың ақпанында Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін алғашқы апталарды өткізген орнын көрсеткен болатын.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар