Қыз алып қашып бара жатқандар жол апатына түсті

cover

Батыс Қазақстан облысында жан түршігерлік жол-көлік оқиғасы орын алды. Жастар мінген көлік үш атқа соғылған. Төрт адам зардап шегіп, жансақтау бөлімінде жатыр.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

30 тамыз сағат 22:30 шамасында Бөрілі-Ақсай-Жымпиты жолының 27-ші шақырымында Пугачево ауылы маңында Lada Priora автокөлігінің жүргізушісі үш жылқыны қағып кеткен.

– Зардап шеккендердің айтуынша, олар қалыңдықты алып қашып, Оралдан Ақсайға бет алған. Жастар реанимацияда жатыр, біз бұл мәселе бойынша толық ақпарат бере алмаймыз, - деп хабарлады БҚО ПД баспасөз қызметі.

Денсаулық сақтау басқармасы апатта 11 адам болған екі көлік зардап шеккенін атап өтті.

– Жиырма жасар қыздың бассүйегінде церебральды жабық жарақат бар, гемоторакс. Сондай-ақ, 18 және 19 жастағы қыздар мен 18 жастағы жігіт басынан жарақат алды. Олар Бөрлі аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Ал 22 жастағы ер адам басынан жарақат алып, мойын омыртқасы сынған. Ол хирургия бөліміне орналастырылған. Қалған зардап шегушілер амбулаторлық бақылауға жіберілді, - деп хабарлады департаменттен.

Полиция бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар