«Үш жылда 30 млн таптым»: Ауруханадағы жұмысын тастап Кореяға кеткен қазақтар

cover

2022 жылы Құралай есімді әйел мен оның күйеуі ақша табу мақсатында Корея еліне жұмысқа кеткен. Құралай Кореяға кетпес бұрын Алматыдағы перзентханада аға медбике болып қызмет атқарған. Ал үй алуға қанша талпыныс жасаса да, айлығы жетпеген. Құралай Orda.kz тілшісіне Корея елінде бастан кешкен оқиғасын айтып берді.

Құралайдың айтуы бойынша қайын інісінің кеңесі бойынша Кореяға барып жұмыс істеуге шешім қабылдаған. Құжаттарды дайындап, визаларын алған соң, оларды әуежайдан қазақтар күтіп алып, үйіне апарып қонақ еткен. Құралайдың сөзінше, олар үшін пәтер жалдап қойған, ертесі демалмастан жұмысқа кіріскен. Күйеуі құрылыс саласына, өзі кафеге ыдыс жууға кеткен.

«Бастапқы күндер өте ауыр болды: аяқ-қолым ісіп, қозғала алмай қалдым. Бірақ бір-екі күннен кейін жұмысқа үйреніп кеттім. Бұрыш теру, үй жинау, қалдық шығару секілді әртүрлі міндеттерді атқарып, күніне 30–35 мың теңге табатынмын. Кореядағы басқа азаматтар сәл көбірек – 50–55 мың теңге алады. Біз барған кезде 5 млн теңге кредитіміз болды, билет те кредитпен алынған. Сол қарыздарды жарты жылда өтеп, жерге үй салуға ақша жинай бастадым»,  — деді Құралай.

Құралайдың айтуынша, Кореяға барған кезде олардың 5 миллион теңге қарызы болған, жол билетін де кредитпен алынған. Сол қарыздарды жарты жылда өтеп, жер үй салуға ақша жинай бастаған. 

«Ең қиын сәт – балаларға деген сағыныш. Алғаш видеомен сөйлесе алмадық, көргенде жылап кететін. Бұл сезімге үйренуіме бір жыл уақыт кетті. Бір жылдан кейін балаларым да үйренді. Жұмыс барысында кейде қиындықтар болды. Бірде күйеуімнің жұмысы тоқтап, бір ай үйде болды. Сол кезде сыртқа шығып жұмыс іздеуге кеткенде, ол ұсталған. Біздің тұрып жатқан қаладан екі сағаттық жерде болған. Киімін, ақшасын дереу жібердім, бір айдан кейін билетін алып Қазақстанға жіберді. Мен бір жарым жыл осында қалдым», – деді Құралай.

Үш жыл ішінде олар Алматы қаласының шетінен жер алып, үй салып, көлік алған. Кореяда жұмыс оңай болмаған: 70–80-қабаттағы терезелерді ешқандай сақтандырусыз жуып, кәріс қожайындар еден тазалығын әр қылпыққа дейін тексерген.

Құралайдың күйеуі ұсталған кездегі оқиғасын қысқаша айтып берді.

«Мен Корея еліне қызығып, таңғалып Қазақстанға қайтып келдім. Біз бес азамат болып ұсталдық, бізді жан жақтағы камераларға таратып тастады. Аптасына бір рет далаға шығаратын. Картамдағы барлық ақшаны бір тиынына дейін шешіп әкеліп берді. Тіпті бір күні жұмыста ұялы телефонымды қалдырып кетіппін, екі күннен кейін тастап кеткен жерден алдым», – деді Ринат. 

Қорытындылай келе, ерлі-зайыпты үш жылдық еңбек жолы қиын болса да, отбасы еш өкінбеген. Қиындықтарға қарамастан, олар қаржылай тұрақтылыққа қол жеткізіп, өздеріне қуаныш әкелген нәтижеге жеткен. 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар