Үндістанда медициналық ұшақ апатқа ұшырап, 7 адам қаза тапты

cover Фото: Ашық дереккөзден

Қайғылы оқиға 23 ақпанда Джаркханд штатында болды. Джаркханд аумағында Beechcraft C90 үлгісіндегі медициналық ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін бірнеше минут өткен соң қалың орманға құлаған, деп хабарлайды Orda.kz. 

Ұшақ бортында болғандардың барлығы: ауыр күйік шалған науқас, оның екі туысы, дәрігер, фельдшер және екі ұшқыш қаза тапты. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қолайсыз ауа райы мен күшті турбуленттілік салдарынан ұшқыштар әуе кемесін басқара алмай қалған.

Куәгерлердің айтуынша, апат алдында қатты жарылыс дауысы естіліп, артынша орман үстіне қою түтін көтерілген.

Оқиға орнында авиациялық апаттарды тергеу бюросының арнайы комиссиясы жұмыс істеп жатыр.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар