«Үйіне арнайы барған»: Димаш Құдайберген Мұхтар Шахановтың ұлының қазасына көңіл айтты

cover Фото: Threads/ azamat_abilqaiyr

Димаш Құдайберген Мұхтар Шахановтың шаңырағына барып, жуырда көз жұмған ұлының қазасына көңіл айтты, деп хабарлайды Orda.kz. 

Әлемді мойындатқан жұлдыз Димаш Құдайберген қазақтың белгілі ақыны, жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері Мұхтар Шахановтың үйіне арнайы барды.

Бұл туралы тележурналист Азамат Әбілқайыр Threads желісіндегі парақшасында жазды. 

«Бүгін әнші Димаш Құдайберген Мұхтар Шахановтың ұлының қазасына байланысты арнайы келіп, көңіл айтыпты. Міне, қазақылық, міне, тектілік! Зау биікті жүрсе де уақыт тауып, арнайы келгенін айтсаңшы! Қайғысына ортақтасып, жүрегіне жазылмас жара салған бұл ауыр күнде ағамыздың шаңырағында құран бағыштағанының өзі бір көрегенділік. Бәрі үйдегі тәрбиеден ғой негізі» деп жазды ол. 

Айта кетейік, 5 қарашада Мұхтар Шахановтың ұлы Қуаныш Мұхтарұлы дүниеден озған еді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар