World Boxing Organization Жәнібек Әлімханұлына бір жылға жарысқа қатысуға тыйым салды

cover Фото: Әлеуметтік желіден

World Boxing Organization Жәнібек Әлімханұлыны бір жылға дисквалификациялады, бірақ чемпиондық атағын өзінде қалдырды, деп хабарлайды Orda.kz.      

Жәнібек Әлімханұлының чемпиондық белдігіне қатысты шешім белгілі болды. World Boxing Organization (WBO) қазақстандық әлем чемпионының сынамасынан мельдоний табылғаннан кейін оны бір жылға жарыстардан шеттетті. Алайда чемпиондық атақ өзінде қалады.

Дисквалификация мерзімі ішінде боксшы кез келген деңгейдегі жекпе-жектерге қатыса алмайды. Дивизиондағы белсенділікті сақтау мақсатында WBO уақытша чемпиондық атақ үшін айқас өткізуге санкция берді, рейтинг бойынша бірінші нөмірі Дензел Бентли екінші нөмірлі Энди Сааведрамен кездеседі.

Жаза мерзімі аяқталғаннан кейін Әлімханұлы жаңа уақытша чемпионмен міндетті түрде жекпе-жек өткізуі тиіс. Ереже бойынша, бұл аралықта өзге кездесулер өткізуге тыйым салынады.

WBO президенті Густаво Оливьеринің айтуынша, Чемпиондық жекпе-жектер жөніндегі комитеттің шешімі бірауыздан қабылданған. Дисквалификация 2025 жылғы 2 желтоқсаннан бастап кері күшіне енеді. Ұйым кейінірек толық мәліметтер қамтылған ресми құжат жариялайды.

Оқи отырыңыз:



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар