Путин Тоқаевты Шығыс экономикалық форумына шақырды

cover Фото: kommersant.ru

3 қыркүйек күні бейнеконференция форматында өтетін Шығыс экономикалық форумы өтеді. Бұл жиынға Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.  

Айта кетейік шара барысында Азия-Тынық мұхиты аймағы сауда-экономикалық ынтымақтастығының жаңа механизмдері сөз болады.

– 3 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен бейнеконференция форматында өтетін Шығыс экономикалық форумына қатысады.

– Жыл сайын Владивостокта өтетін форумның биылғы тақырыбы «Құбылмалы әлемдегі Қиыр Шығыстың жаңа мүмкіндіктері». Шара барысында Азия-Тынық мұхиты аймағы сауда-экономикалық ынтымақтастығының жаңа механизмдері талқыланбақ, - деп жазды Берік Уәли.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар