Вьетнамда 48 турист уланды

cover Фото: nypost.com

Вьетнамда өткен демалыс күндері Муйне курорттық ауылындағы Sailing Bay Mui Ne Resort қонақ үйінде 48 турист уланды.

Бұл туралы Вьетнамның ақпараттық порталы VTCNews хабарлады.

27 шілде кешке қарай Фантьет қаласының ауруханасына іш ауыруы, диарея және құсу шағымдарымен 48 адам түсті. Көпшілігі тиісті медициналық көмек алғаннан кейін аурухана палаталарынан шықты.

Тергеу тобы туристердің дертке шалдығу себебін анықтау үшін 26 тағам үлгісін жинады. Алайда тексеру кезінде Canh Buom Vang мейрамханасында туристердің улануына себепші болған тағам үлгілері табылмады. 

Денсаулық сақтау басқармасы атап өткендей, ережеге сәйкес мұндай өнімдерді 24 сағаттан артық сақтауға болмайды. Бұл ретте шенеуніктер азық-түлік өнімдерінің сақталуы мен оларды қалай дайындайтынын тексере бастады.

Тамақтан уланудың нақты неден болғаны туралы есеп 3-5 күн ішінде шығады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар