Венесуэла оппозициясының көшбасшысы Трампқа өзінің Нобель сыйлығын ұсынды
Фото: Мария Корина Мачадоның инстаграмынан
Венесуэла оппозициясының көшбасшысы Мария Корина Мачадо Дональд Трампқа 2025 жылы алған Нобель сыйлығын беруге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz Fox News-ке сілтеме жасай отырып.
Мачадоның айтуынша, марапат оған емес, бүкіл Венесуэла халқына тиесілі, сондықтан ол оны Ақ үйдің басшысымен бөліскенді дұрыс деп санайды.
Ол венесуэлалықтардың «социалистік және қылмыстық режимнің қирағанын» ұмытуды өтініп, енді Құрама Штаттармен тығыз одақ құруға үміттенетінін атап өтті.
«Адамдардың көпшілігі оның 3 қаңтарда жасаған ісін мүмкін емес деп санаған», - деп мәлімдеді Мачадо.
Оппозиция көшбасшысы жақын арада елге оралатын ниеті бар екенін айтып үлгерді.
Бұған дейін The Washington Post газеті Трамп дәл осы Нобель сыйлығына қатысты Мачадоны қолдауға құлықсыз болған деп жазды. Басылымның пікірінше, марапат табыс етілгеннен кейін бірден өзіне берілмегені Трампқа ұнамаған.
Венесуэладағы АҚШ операциясынан кейін журналистер алдында сөйлеген сөзінде президент оның көшбасшылық қасиеттеріне күмән келтірді.
«Мачадо Венесуэланың көшбасшысы бола алмайды, оның көшбасшылық қабылеті жоқ, ол тек сүйкімді әйел», - деді Трамп.
Мария Корина Мачадо 2025 жылғы қазанда - демократиялық құқықтар үшін күресі және Венесуэланың диктатурадан демократияға бейбіт көшуіне байланысты Нобель сыйлығын алған болатын. Үміткерлер қатарында Дональд Трамп та болды. Алайда Нобель комитеті оның саясаты «халықаралық әлемдік тәртіпті бұзады» деп есептеген.
3 қаңтарда Америка Құрама Штаты Венесуэла аумағындағы нысандарға шабуыл жасап, Николас Мадуро мен оның жұбайын ұстады. Кейінірек Нью-Йоркте бірінші сот отырысы өтті, оның қорытындысы бойынша сот оларды қамауда қалдыру туралы қаулы шығарып, келесі тыңдауды 17 наурызға белгіледі. Мадуро мен Флорес есірткі мен қарудың заңсыз айналымына, соның ішінде «есірткі терроризмі» деп аталатын қылмыстарға қатысты айыпталды.
Тақырыпқа сай ұсынамыз:
- АҚШ соққы берді: Венесуэла астанасында әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі қосылды
- Трамп журналистер алдында мәлімдеме жасады: «Мадуроның билігі аяқталды, ол енді президент емес»
- БҰҰ Венесуэлаға қатысты шұғыл отырыс өткізеді
- Елде бір ғана президент бар — Венесуэла Мадуро тұтқындалғаннан кейін АҚШ-қа жауап қатты
- Әлем көшбасшылары мен елдері АҚШ-тың Венесуэлаға қарсы агрессиясына қарсы үн қатты
Жаңалықтар
- Венгрияда 16 жылдық билік құлады: Орбан неге жеңілді?
- Тоқаев Низар Амидиді Ирак Республикасының президенті болып сайлануымен құттықтады
- Бішкекте ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Даниэль Рысалиев ұсталды
- Бектенов көлік-транзиттік әлеуетті дамыту жөнінде жиын өткізді: Көлік министрлігі сынның астында қалды
- Шымкентте өткен автофестивальда әзілкешті көлік қағып кетті
- Қалжалау дәстүрі: Қырық күн күтімнің жаңа форматы қандай?
- Яна Легкодимованы өлтіргендер әлі ұстау изоляторында: Этаптау үшін ұлттық ұланның арнайы қарауылы сұралған
- Қостанайда қайғылы жол апатынан 4 адам ажал құшты
- Астанада жыл басынан бері жол ережесін 61 рет бұзған BMW жүргізушісі ұсталды
- ҚМА: 78 жәбірленуші қаржы пирамидасына 110 млн теңге салған
- Державалардың таласы басталып кетті. Айға ұшудың мәні неде?
- Қаражат жинауға, мейрамханаға баруға тыйым салынады: Оқу-ағарту министрлігінің бітіру кешіне қатысты мәлімдемесі
- Шымкентте шетелдіктердің елге заңсыз кіруіне жағдай жасағандар ұсталды
- Орбан парламенттік сайлауда жеңілгенін ашық мойындады
- Димаш Құдайберген Қытайда продюсер ретінде алғашқы марапатын алды
- Полициядан қашқан: Астаналық мектеп оқушысы жүк пойызының төбесінен құлап кетті
- Жол үстінде есінен танып қалған жүк көлігі жүргізушісі құтқарылды
- Бавария 105 гол соғып, өз рекордын жаңартты
- Авиотын қымбаттады: Әлем және Қазақстан нарығы қандай жағдайда?
- Үш келі сынапты 100 млн теңгеге сатпақ болған түркістандық ұсталды