Ұлттық ұлан сарбаздары Абайдың 50 өлеңін жатқа айтып, жұртты сүйсіндірді
Фото: gov.kz
Қазақ халқының ұлы ақыны Абайдың 180 жылдығы қарсаңында Ұлттық ұлан сарбаздары өз елінің мәдениеті мен ақынға және «Сөз патшасы — өлеңге» деген құрметтерін паш етті, деп хабарлайды Orda.kz.
Қатардағы сарбаз Бақытжан Артықбай әдебиетке қызығушылығын бастауыш сыныптан бастап танытқан. Сол кезде-ақ Абай Құнанбайұлының өлеңдерін жаттай бастаған. Кейін ақын шығармаларын оқу бойынша республикалық байқаудың жеңімпазы атанды. Бүгінде ол Абайдың 50-ден астам өлеңін жатқа біледі.
«Абайдың сөздері – адамгершілік пен даналықтың мектебі. Бос уақытымда оның өлеңдерін қайталап оқимын, ішкі жан-дүниемді тәрбиелеуге тырысамын. Әр өлеңінде терең руханият, тәлім мен тәрбие сезіледі», – дейді сарбаз.
Құқықтық тәртіп әскері қатарында Абай шығармашылығын құрметтейтін тағы бір сарбаз – Жұлдызбек Ромашев та бар. Ол да ұлы қазақ ақынының шығармаларын мәнерлеп оқу бойынша республикалық байқаудың жүлдегері. Анасы – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болғандықтан, ол бала кезінен Абай Құнанбайұлының шығармаларымен сусындап өскен.
2025 жылы ұлы қазақ ақыны, ағартушы және ойшыл Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толады. Бұл маңызды күнді Алматыда республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық акциясы өтеді.
Бұған дейін Мәулен Жанболатұлы өзінің Instagram парақшасында 2014 жылы Бейжіңнің орталығындағы Чаоян саябағында орнатылған Абай Құнанбайұлы ескерткішінің видеосын жариялады. Бұл ескерткішті атақты қытай мүсіншісі Юань Сикунь өз бастамасымен жасап, жеке өзі орнатқан.
Биылғы маусым айында антикор Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ақынның өлеңдері мен қара сөздерін оқудан челлендж жолдады.
Армениядағы Қазақстанның мәдениет күндері кезінде Ереванда Абай атындағы саябақтың салтанатты ашылуы өтті. Бұл президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ереванға ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың арқасында орындалды.
Мамыр айының соңына қарай Қытай астанасында ҚР Қытайдағы Елшілігінің қолдауымен Абай Құнанбаев, Шәмші Қалдаяқов, Алтынбек Қоразбаев, Нұрғиса Тілендиев және т.б. қазақтың көрнекті қайраткерлерінің туындылары таныстырылды.
Жаңалықтар
- Атыраудағы қандықол күйеу бала: Жоғалған отбасының ұлы мен қызының мүрдесінен үшкір заттан алған жарақаттар анықталды
- Соғыстың 12-күні: Иран көмек сұрай бастады, Трамп соғысты аяқтау туралы айтты
- Алматыда бұрынғы полиция шенділеріне есірткі сатушыларға «қорған болды» деген айып тағылып, 12 адамға қатысты сот ісі басталды
- Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды
- Курьер сезіктенген: Алматыда шетелдік азамат күмәнді сәлемдеме тапсырыс бергені үшін ұсталды
- Атырауда 21 жастағы жігіт бірнеше сағат бойы қызды азаптап, оны әлеуметтік желіге жариялаған
- Скляр мен Такиев ERG директорлар кеңесіне кірді
- Екі баланың көзінше аналарын өлтірген адам «есі дұрыс емес» деп танылып, жазадан құтылып кетпек
- Алаяқтық жасап, пара беруге арандатқан: Павлодарда адвокат сотталды
- Ресей билігі Тоқаевқа орыс тілі ұйымын құру бастамасы үшін алғыс білдірді
- Атырауда Наурыз бен Мейрамгүлдің жаназасы шықты: Қайын жұртын қырып салған күйеу бала
- Иранда су жаңа жоғарғы жетекші жараланды ма? Президенттің ұлы жауап берді
- Түркістан тұрғыны: «Мені 37 күнге психиатриялық ауруханаға заңсыз қамады»
- Таяу Шығыстан 9517 қазақстандық елге қайтты
- Жас жұбайлар WhatsApp желісі арқылы 100-ден асам адамды алдап келген
- Қостанай облысында интернет-алаяқтарға SIM-карталарын қосып беріп отырған тұрғын ұсталды
- Әзербайжан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
- Жетісу облысында құтқарушы қызмет барысында қаза тапты
- Жемқорлықпен күресте туған бауырымды да аямаймын – Жапаров
- Алматыда суррогат ана қытайлықтардан 7,5 млн теңгесін ала алмай жүр: Екі ортада сәби тастанды атанды