Ұлттық қор балаларға: жиналған ақшаны оқу мен баспанадан басқа мақсатта жұмсауға бола ма?
Фото: Ашық дереккөзден
Бұл сұраққа қаржы министрлігі бюджеттік кредиттеу, ҚР Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінің директоры Айбол Арғынғазинов жауап берді, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Арынғазиновтың сөзінше қазір қаражатты жұмсау (оқу немесе баспана алу) бойынша тізімді ұзарту көзделмеген.
Мемлекет басшысы айқындаған екі нысаналы мақсат бар: бірі білім алу, екіншісі баспана жағдайын жақсарту, – дейді ол.
Әзірге әр балаға 100 АҚШ долларынан (44800 теңге) түсті. Түскен түпкі соманы балаңыз 18 жасқа толғаннан кейін ғана ала алады.
Ұлттық банктың төрағасы Тимур Сүлейменов БЖЗҚ акционерлік қоғамын "Ұлттық қор — балаларға" бағдарламасының операторы екенін, балалардың санын салыстырып тексеретінін айтты.
«Бұл Әділет министрлігі мен Азаматтарға арналған үкімет жүргізетін үлкен мәліметтер базасы. Біз салыстыруымыз керек, бізде жүйеге кіретін 6,5-7 миллион бала бар. Қаңтар айының соңына дейін үкімет деңгейіндегі бір заңнама қабылдануы керек. Біз барлық жүйеміз дайын», - деді Сүлейменов.
Ақша алушыларға 7 млн-ға жуық шот ашылған. Биыл ақшаны бөлу үшін алдыңғы 18 жылдағы кірістер сомасы алынған. Бұл шамамен 700 млн доллар (316,3 млрд теңге).
2024 жылдан бастап Ұлттық қордан әр балаға 18 жасқа дейін әлеуметтік аударымдар бөлінеді. Келесі жылы Үкімет кепілдендірілген трансферт ретінде тағы 3,6 трлн теңге алуды жоспарлап отыр.
Ұлттық банктың жариялаған есебіне сүйенсек, 2024 жылдың басында Ұлттық қордағы ақша көлемі 60,03 млрд доллар болған. Бұл ұлттық валютамен есептегенде 27,2 трлн теңге.
Ұлттық қор көлемі 2022 жылдың желтоқсанында 55,7 млрд доллар болды, демек бір жылдың ішінде шамамен, қор 4,8 млрд долларға ұлғайған.
2023 жылдың шілде айында Ұлттық қор толықты. Көлемі 60,2 млрд теңгеге ұлғайғанымен, алынған трансферттер есебінен қайта азайған. 2023 жылы қордан бөлінген трансферт 4 трлн теңге болды.
.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық