Ұлттық киім киген блогерді «Хан шатырға» кіргізбей қойды
Фото: Қырмызы Жандос
Қазақтың ұлттық киімін киген блогерді «Хан шатырға» кіруге тыйым салды , деп хабарлайды Orda.kz.
Желіде қазақтың ұлттық киімін киген қызға Хан шатырға кіруге тыйым салып жатқан бейнебаян тарады. Редакциямыз бейне авторы Қырмызы Жандоспен байланысқа шығып, оқиғаның анық-қанығын білді.
«Хан Шатыр алдына Тәуелсіздік күніне орай видео түсіруге барғанмын. Бәйтеректің, Ақ Орданың, мешіттің алдында , яғни Астаның көрікті деген жерлердің сыртынан түсірдім. Ешқандай кедергі болған жоқ. Кезек Хан Шатырға жеткен кезде, маған “болмайды” деді. “Меселе сіздің киіміңізде” деп жеткізді күзетші. Басында Хан шатырға кіру ойда да болмаған, бірақ бұндай жағдайдан кейін арнайы кіріп, сауда орталығын бір айналып шықтым.», дейді блогер Қырмызы Жандос.
Ойын-сауық орталығының әкімшілігі Қырмызыдан кешірім сұрап, желіде тараған бейнежазбаны өшіруді сұрады.
Сонымен қатар, Instagram желісінде аты шулы видеоның астына «Хан Шатыр» сауда, ойын орталығының (СОО) әкімшілігі жағдайды түсіндіру мақсатымен пікір қалдырды
«Хан Шатыр» аумағында кез келген түсірілімдерді өткізу үшін алдын ала Әкімшілікпен келісу қажет»,— делінген хабарламада

Алайда , рұқсат сұрайтындай блогерде кәсіби фото немесе видео түсіретін құрылғы болған жоқ. Видеоны басқа қонақтар секілді телефонына түсірген.
Еске сала кетейік, Астанада қазақ тілінде қызмет көрсетуге бас тартқан Qazaq coffee кофеханасы жабылғаны туралы жаздық.
Жаңалықтар
- Трамп Иран өркениеті «жойылуы» мүмкін екенін тағы мәлімдеді
- Перизат Қайраттың тағы бір көлігі мемлекет меншігіне өтті
- Такер Карлсон: «Сен кімсің, Трамп? Өзіңді Құдаймын деп ойлайсың ба?»
- Жезқазғанда «өрмекші адам»: Терезеден түспек болған ер адамды полиция әрең құтқарды
- 500 миллионнан аса заңсыз табыс: NBC TV қаржы пирамидасын тергеу ісі аяқталды
- АҚШ пен Израиль Иранның басты мұнай аралын атқылады
- Павлодарда жүргізушіні ұстаған видео дау тудырды
- «Сабырымыз шегіне жетті»: ИРСК АҚШ пен серіктес елдерге шүйлікті
- Стамбұлда Израиль консулдығы маңында атыс болды: Қаза тапқандар бар
- Түркістан облысында бірнеше полиция қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты
- Трамптың қоқан-лоққысы және жүзеге аспай тұрған бітім: АҚШ–Иран соғысы қай кезеңде?
- Астанада 9 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
- Германияда қымыз ең жиіркенішті тағамдар музейіне тап болды
- Атырауда қоқыс полигоны өртке оранды
- Еліміздің барлық өңірінде су тасқыны қаупі сейілді ме?
- Павлодар облысында сегіз әкім жауапкершілікке тартылып, 1,7 млн теңге айыппұл төледі
- Иранның жоғарғы жетекшісі ес-түссіз жатыр — The Times
- Дрондар Солтүстік Корея шекарасын кесіп өтті: Ким Чен Ын Оңтүстік Корея президентінің кешірімін қабылдады
- Иран билікке қарсы тұлғаларға қатысты үкімді жеделдетпек
- Тоқаев Вьетнамның жаңа сайланған президентін құттықтады