Ұлтаралық қақтығыс: Түркия мен Сирия

cover Фото: Бейнежазбадан скриншот

Ереуілшілер Сирияның 7 қаласында түріктердің туын отқа жағып, гуманитарлық көмек тиелген жүк көліктерін өртеді. Сондай-ақ, құқық қорғау орындарына жасалған шабуылдар анықталды.

Бұл туралы CNN хабарлады.  

Бұл қақтығысқа негізгі себеп — сириялық мигранттың 5 жасар қызды зорлауы болып отыр. 
Болған оқиғаға наразы түріктер сириялық дүкендерді қиратып, көліктерді өртеп, мигранттарды ұрып-соғып жатыр. Түркияда ондаған адамның қамауға алынғаны хабарланды. Ал Сирияда түріктерге қарсы ереуілдерді тарату кезінде қаза тапқандар мен жараланғандар бар.

Жергілікті полицияның ереуілшілерге зорлықшы мигрант пен оның отбасы еліне қайтарылады деп уәде берді. 

Сирия үкіметі түрік туын өртеуді қолдамайтынын айтып, ереуілді дереу тоқтатуға шақырды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар