Украинаның экс-энергетика министрі ұсталды

cover Фото: rbc.ua

Украинаның бұрынғы энергетика министрі Герман Галущенко ведомстводағы жемқорлық ісі бойынша ұсталды деп хабарлайды Orda.kz РБК-Украинаға сілтеме жасап.

Экс-министр энергетика саласындағы ауқымды жемқорлыққа («Мидас» ісі) қатысы бар деген күдікке ілінген. Галущенкоға қатысты заң талаптарына мен сот санкциясына сәйкес алғашқы тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Украинаның «Радио Свобода» қызметі экс-министрдің Киевке жеткізілгенін мәлімдеді. 

Герман Галущенко 2021 жылдың сәуірінде Украина энергетика министрі қызметіне тағайындалған. Ал 2025 жылдың шілдесінде әділет министрі лауазымына ауысты. Ол кеткеннен кейін Энергетика министрлігін Светлана Гринчук басқарды. 2025 жылдың қарашасында екеуі де «Энергоатом» айналасындағы және кәсіпкер Тимур Миндичке қатысты өрбіген жемқорлық жанжалына байланысты қызметінен босады. 

10 қарашада Украинаның Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюросы «Энергоатом» мемлекеттік компаниясындағы қылмыстық ұйым әрекетін әшкереледі. Тергеу жүріп жатыр. Жемқорлыққа қатысты күдікке ілінгендер «Энергоатом» нысандарын Ресей соққыларынан қорғауға бөлінген қаржыны жылыстатқан болуы мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар