Украина мен ЕО елдері соғысты тоқтату жөнінде өз жоспарларын ұсынды
Украина мен ЕО елдері Ресей тарапынан бұған дейін ұсынылған Донбасстан бас тарту арқылы соғысты тоқтату шартын толықтай қабылдамады, деп хабарлайды Orda.kz The Wall Street Journal-ға сілтеме жасап.
Еуропа мен Украинаның жоспары 9 тамызда Ұлыбританияда АҚШ өкілдерімен өткен кездесуде ұсынылды.
Еуропа елдерінің басшылары мен Зеленскийдің ұсыныстары мынадай:
- алдымен — соғыс қимылдарын толық тоқтату, содан кейін ғана өзге қадамға бару;
- территория алмасу тек теңдік қағидаты бойынша: «егер Украина кейбір өңірлерден әскерін шығарса, Ресей де өз әскерін басқа өңірлерден шығаруы тиіс»;
- Киев қауіпсіздік кепілдіктерін алуы тиіс, оның ішінде егер қандай да бір ымыраға келіссе НАТО-ға кіру мүмкіндігі де бар.
БАҚ хабарлауынша, 6 тамызда Трамптың арнайы өкілі Уиткоффпен кездесуде Путин өз талаптарын айтқан. Олардың айтуынша Мәскеу тарапынан әскери әрекеттерді толық тоқтату — Луганск, Донецк және Қырымды Ресей аумағы ретінде мойындау талабына байланысты.
Осыған жауап ретінде Киев «Біз жерімізді сыйға тартпаймыз», өйткені Украинаның тағдырын онсыз шешетін әрекеттер болуы мүмкін деген қауіп бар, деп өз ұстанымын нақты білдірді.
«Украина бейбітшілікке әкелетін нақты шешімдерге дайын. Бірақ біздің қатысуымызсыз қабылданатын кез келген шешім — бұл соғысқа қарсы емес, Украинаға қарсы шешім. Олар ештеңе бермейді. Бұл — жансыз шешімдер», — деді Украина президенті Владимир Зеленский.
Франция президенті де бұл ойды қолдап, Украин халқының тағдырын оларсыз шешуге болмайтынын ескертті. Оның айтуынша, Еуропа елдері бейбіт процесте белсенді рөлін жалғастыра береді, өйткені бұл олардың қауіпсіздігіне тікелей қатысты.
«Біз Украинаға қолдау көрсетуге белді бекем буып отырмыз. Бұл жолда біз ынтымақ пен мүдделестер коалициясының күш-жігеріне сүйенеміз», — деді Эммануэль Макрон.
Ал АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин 15 тамызда Аляскада кездеседі. Бұл жөнінде Трамп Truth Social желісінде жазды. Кремль де кездесу болатынын растады.
CBS News мәліметінше, Украина президенті де саммитке қатысуы мүмкін.
Bloomberg агенттігінің мәліметіне сүйенсек, Ресей мен АҚШ арасында келіссөз жүріп жатыр. Онда Мәскеудің бақылауындағы территорияларды ресми түрде Ресейге бекіту және Украинадағы бірқатар өңірлерде шабуылды тоқтату мәселелері қарастырылуда.
Алдағы демалыс күндері Ұлыбританияда АҚШ, Украина және бірқатар Еуропа елдерінің өкілдері кездесуді жоспарлап отыр.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды