Украина дрондары Ресейдегі Каспий құбыр консорциумының әкімшілік кеңсесіне зақым келтірді
Фото: Envato
Украина дрондарының түнгі шабуылынан Новороссийск маңындағы Каспий құбыр консорциумы теңіз терминалы зардап шекті, деп хабарлайды Orda.kz.
Ұшқышсыз ұшу аппаратының соққысы туралы Каспий құбыр консорциумының баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Оңтүстік Озереевкада КҚК-ның бас орталығы орналасқан. Ол жерде Ресей мен Қазақстандағы Теңіз-Новороссийск құбыр жүйесінің барлық жұмысы бақыланады. Соққыдан зардап шеккендер жоқ. Қызметкерлер баспанаға көшірілді», деп хабарлады КҚК.
Ресейдің Краснодар өлкесінің губернаторы Кондратьевтің айтуынша, Новороссийск қаласына соңғы уақытта дрондар шабуылы үдеген. Зардап шеккендер бар, тұрғын үйлер бүлінген.
Естеріңізге сала кетейік, қараша айының ортасында украиндық ұшқышсыз ұшу аппараттары Новороссийскіге соққы беріп, «Шесхарис» тасымалдау кешеніндегі мұнай базасын бүлдірді. Бұл Тоқаевтың Мәскеуге сапарынан кейін көп ұзамай болды.
Ол кезде ҚР Энергетика министрлігі бұл шабуыл мұнай тасымалдауға еш әсер етпегенін айтты. Кейінірек КҚК соққыдан кейін жұмысын қалпына келтіргенін мәлімдеді. Алайда, Reuters агенттігінің хабарлауынша, екі мұнай айлағы да зақымданған.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады