Уиткофф: Ресей Иранға барлау деректерін бермегенін мәлімдеді

cover Фото: Chip Somodevilla / Getty Images

Стив Уиткофф кеше Дональд Трамппен сөйлескен кезде Ресей тарапы Иранға барлау деректерін бермейтінін мәлімдегенін айтты, деп хабарлайды  Orda.kz.      

«Мен сіздерге ашық айта аламын, кеше президентпен сөйлесу барысында орыстар Иранға барлау деректерін бермегендерін мәлімдеді. Бұл – олардың айтқаны. Сондықтан, түсінесіздер, біз олардың сөзіне сенуіміз мүмкін, бірақ олар шынымен осылай деді», – деп атап өтті Уиткофф.

Еске салсақ, Уиткофф пен Кушнердің 10 наурыздағы Израильге сапары тоқтатылды. 

The New York Times басылымы атап өткендей, Иран соғысқа АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі күткеннен әлдеқайда жақсы дайындалған болып шықты. Басылым дереккөздерінің айтуынша, мұны қақтығыстың алғашқы аптасындағы шығындар деңгейі көрсеткен.

Дегенмен құрбандардың негізгі бөлігі Иран тарапынан, елдің БҰҰ-дағы елшісі  Иранда 1,3 мыңнан астам адамның қаза тапқанын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар