Қуат Ахметов Қазақстаннан кетті

cover

Til Maydani YouTube-арнасының негізін қалаушы Қуат Ахметов Қазақстаннан кетті. Өз арнасында ол тікелей эфир арқылы оқырмандарымен қоштасты.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Қазақ тілінің мәртебесін көтеруге тырысып, қызмет ұсынушылардан мемлекеттік тілде қызмет көрсетуді талап еткен блогер Грузияға ұшып кетті. Бұл ретте Қуат Ахметов елден кетіп бара жатқанын құпияға айналдырған жоқ.

Еске сала кетейік, Қуат Ахметовке қарсы ҚР ҚК-нің 174-бабы «Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру» бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Заңға сәйкес, ол жеті жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар