Уайым мәселені шешпейді

Пандемия тұсында елімізде психологтардың көмегіне жүгінгендердің саны күрт көбейген. Республикалық психикалық денсаулық ғылыми практикалық орталығының мәліметінше былтыр наурыз айынан бастап күйзеліс пен үрейден ұйқысы қашқан ел-жұрт орталықтың сайтына тыным бермеген. Әлем жұртшылығын алаңдатқан коронавирустың таралуын тежеу мақсатында елімізде наурыз айында карантин енгізілді.
Психологиялық көмекке мұқтаж халықтың сұранысын өтеу және шұғыл қызмет көрсету үшін психологтар күндіз-түні кірпік қақпады. Үйде оқшауланғанда орталыққа 557 адам хабарласып, психологтардан қашықтан кеңес алыпты. Олар 300 тарта ересек , 60-тан астам жасөспірім, бұған қоса қарттар, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері.
Жас ерекшеліктеріне тоқталсақ, көмекке жүгінгендердің басым бөлігі 30 - 44 жастағы азаматтар, олардың жалпы саны 162 адам, ал жүзден астам 17- 29 жастағы жастар да мазалаған мәселе бойынша психологиялық көмек алған. Енді 100 тұрғын отбасылық араздықты шешудің жолдарын сұраса, 180 адам эмоционалды көңіл-күйдің тұрақсыздығына шағымданған. 34 кісі көмек алу туралы ақпаратты білгісі келсе, 20-сы жұмысында туындаған түйіткілдерді айтып арызданған. Сонымен бірге ауруды жұқтырамын деген үреймен алысқандар, зорлық - зомбылыққа тап болғандар, тіпті жалқаулықтан құтылудың амалын сұрағандар да бар.
Республикалық психикалық денсаулық ғылыми практикалық орталығы бас директорының орынбасары Қуаныш Алтынбеков жаһанды дүрліктірген пандемия еліміздегі психологиялық және психиатриялық қызметті жетілдіруге, жаңа шешімдер қабылдауға итермелегенін алға тартты.

- Былтыр наурызда медициналық ұйымдар карантинге жабылғанда бұрын-соңды мұндай режимде жұмыс істемеген медицина қызметкерлері үшін күтпеген психологиялық проблемалар туындады. Ұзақ уақытқа отбасынан жырақта жүру оңай емес. Орталық мамандарының көмегіне мұқтаж жандардың саны күн сайын артты.
Пандемия тұсында тұрғындардың оқшаулануы, ауру жұқтырып аламын деген үрейдің мазалауы, қаржылық түйіткілдердің туындауы және отбасылық кикілжіңдердің шиеленісуі, дәрменсіздіктен күйзеліс, мінез-құлықтың эмоционалдық тұрақсыздығы, күйгелектік белең алды. Шизофрения сияқты психологиялық аурулардың көрсеткіші өзгерген жоқ.
Дегенмен күрделі жағдайда тығырықтан шығу кәсіби психологтарға сынақ болды және кәсіби тұрғыдан шыңдалып, пациенттермен жұмыс істеу бұрынғыдан анағұрлым сапалы, жақсы жағынан дамыды. Қиын- қыстау кезде шипа іздегендермен тікелей байланыс орнатып, кеңес беру мақсатында орталық https://onlinehealth.kz/, және Youtube «mentalcenter.kz» арнасын аштық, - дейді Қуаныш Алтынбеков.
Сайт және Youtube арнасындағы кәсіби мамандардан психологиялық кеңесін әлемнің түкпір-түкпірінен 160 000 астам тұрғын,
медицина қызметкері, мектеп психологы көріп, игілігіне пайдаланған. Қарттарға, жасөспірімдерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға қашықтан қолдау білдірген мамандар жұртшылыққа тегін қызмет көрсетуді әлі тоқтатқан жоқ.
Өкінішке қарай мамандар медициналық ұйымның көмегіне жүгінуге намыстанып елші, бақсыларды аралап ауруын асқындырған оқиғалардың азаймай тұрғанына қынжылады. Мұндай кереғар көзқарастың тұрғындар арасында «дәрігерлер психиатриялық есепке тіркейді» деген жалған түсініктің сеңдей сейілмей тұр.
- Біз халықтың психологиялық қызмет жайлы көзқарасын, түсінігін өзгерту мақсатында психиатриялық диспансер, психо-неврологиялық аурухана деген атауларды жойдық. Қазір 17 өңірде психикалық денсаулық орталықтары және 82 емханада психикалық денсаулық бойынша алғашқы көмек көрсететін орталықтар жұмыс істейді. Біздің мақсатымыз тоқсан екі қалалық емхананы психикалық денсаулық бойынша көмек көрсететін орталықтармен қамтамасыз ету. Ал психиатриялық тізімге тіркейді деген ақпарат жалған. Біз пациенттің келісімімен ғана динамикалық бақылауға аламыз. Бұл да пациенттің келісімімен жүзеге асырылады.
Авторы: Жазира Бегалы
Жаңалықтар
- Ресейде тағы бір қазақстандықты «мемлекетке опасыздық жасады» деп 17 жылға соттады
- Алматы облысында 10 жастағы баланы иттен құтқарып қалған тұрғын марапатталды
- Назарбаев дәуірінің ізі: ҚТЖ-ның жаңа басшысы Талғат Алдыбергенов туралы не белгілі?
- Жамбыл облысының тұрғыны көмекке келген фельдшердің кеудесіне оқ атты
- Маңғыстаудағы кен орнында бұрғылау мұнарасы құлады
- 13 мүрде шыққан Almaty Hostel-ге қатысты үкім: Неге көп сұрақтар жауапсыз қалды?
- Қажылыққа жинаған ақшасын мұқтаж жандарға үлестірген 94 жастағы ақсақалға Меккеге жолдама сыйланды
- Шенеуніктің шымбайына батқан сын: Ұлытау облысының әкімі көпбалалы анадан 495 мың өндіріп алды
- «Орданы» аждаха жұтпақ: Гүлнәр Бажкенова тәуелсіз басылымды қалай тартып алғалы жатқандарын айтып берді
- «Екінші мәрте»: Оңтүстік Кореяның экс-президенті қайтадан қамауға алынды
- Астанада Үкімет үйіне өрт қойған 24 жастағы ер адам ұсталды
- «Мен күйеуімді жақсы көремін»: Qurt-тың жұбайы зорлық туралы шағымын қайтарып алды
- Тоқаев Трамптың баж салығына қатысты хатына жауап қайтарды
- Перизат Қайраттың тергеу изоляторында соққыға жығылғаны жалған болып шықты
- Джулли Стаффт АҚШ елшісі болуы мүмкін
- БҰҰ Гүлнәр Кәрімованың қамауға алынуын заңсыз деп тапты
- «Сүйіктісін өлтіріп, мәйітін қорлаған»: Шымкентте 19 жастағы жігітке үкім шықты
- «Ауруханаға түсті»: Ақтөбеде 9 жыл әкім болған азамат өзіне қол жұмсамақ болды
- «Бектеновтің сынынан нәтиже жоқ»: Ақтөбе облысы Жұрын ауылындағы жаңа асфальт үгітіліп жатыр
- Ұлттық қорғаныс университетінің полковнигі әйел зорлады деп күдікке ілінді