Түркістанда 12 адамның өмірін жалмаған өрттің алдын ала себебі анықталды

cover Фото: Марқұмның туыстары жіберген фотосурет

Жетісай ауданының Алғабас ауылында 12 адамның, соның ішінде 9 баланың өмірін қиған өрттің себебі анықталды, деп хабарлайды Orda.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына электр тоғын қолданатын тұрмыстық құрылғылар қосылған желідегі сүзгіде ақау болғаны себеп болуы мүмкін. Толық қорытынды сараптама мен тергеу аяқталғаннан кейін ғана белгілі болады.

Айта кетейік, Түркістан облысының Алғабас ауылында 18 қарашада алапат өрт шықты. 360 шаршы метрлік жеке үйде болған апат салдарынан 12 адам қаза тауып, үш адам ауыр халде ауруханаға жеткізілген еді.

Түркістан облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасы басшысының орынбасары Жасұлан Айнабековтың айтуынша, өрт туралы хабарлама таңға жуық түскен. Оқиға орнына шұғыл түрде 8 қызметкер мен 2 техника аттандырылған.

Сонымен қатар, бүгін аман қалған 3 адамның жағдайы  туралы министрлік ақпарат таратты. Ведомство мәліметінше, зардап шеккен үш адамның жағдайы әлі өте ауыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар