Түркістан тұрғыны: «Мені 37 күнге психиатриялық ауруханаға заңсыз қамады»

cover Коллаж Orda.kz

Түркістан қаласының 30 жастағы тұрғыны Өмірбек Мұхаммад өзін полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері мәжбүрлеп 37 күн психиатриялық орталықта ұстағанын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.

ZTB мәліметінше, Өмірбек Мұхаммадтың оқиғасы  2025 жылдың қарашасында басталыпты. Ол фельдшерлердің жалақысын көтеру туралы мемлекеттік органдарға ресми өтініш жолдап, медицина қызметкерлеріне арналған өңірлік WhatsApp тобын құрған екен. Осыдан кейін полиция қызметкерлері бірнеше рет үйіне келіп, чат тобын жабу туралы ескерту жасаған. Кейін жедел жәрдем бригадасы келіп, оны психиатриялық ауруханаға жеткізген.

Мұхаммад қысым салдарынан «өз еркіммен емделуге келісемін» деген жазбаша келісімге қол қоюға мәжбүр болғанын айтады. Дегенмен уәде етілген 10–15 күннің орнына, ол психиатриялық мекемеде 37 күн жатқан. Ол осы уақыт ішінде психиатриялық диспансерлік есепке алынғанын айтып, қойылған диагнозбен келіспейтінін мәлімдеді. Түркістан тұрғыны тәуелсіз психиатриялық сараптама жүргізуді және өзін диспансерлік есептен шығаруды талап етіп отыр.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар