Түркістан облысының тұрғыны араздық қоздырғаны үшін халықаралық іздеуге жарияланды

cover скриншот

Түркістан облысының тұрғынына араздық тудырғаны үшін халықаралық іздеу жарияланды, деп хабарлайды Orda.kz.

«Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы «Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге халықаралық іздеу жарияланған. Сотқа дейінгі тергеу басталды» деп жауап берді Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. 


Әлеуметтік желіде ер адамның басқа ұлтқа тіл тигізген видеосы тарап кетті. Полицейлер оның Түркістан облысының 28 жастағы тұрғыны екенін, қазір шетелде жүргенін анықтады.

Айтуларынша, ер адам жаңа видео жариялап, халықтан кешірім сұраған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар