Түркістан облысында қорланды деген 6 жасар қыздың анасы әділдік іздейді
Фото: Orda.kz
Түркістан облысында қорланды деген 6 жасар қыздың ата-анасы әділдік іздейді. Сөздерінше 1-сынып оқушысына бір мектепте оқитын жоғары сынып оқушысы азғындық жасаған. Осыны айтып дабыл қаққанымен қимылдаған ешкім жоқ дейді ашынған ата-ана. Orda.kz тілшісі қыздың анасымен тілдесіп қайтты.
Оқиға өткен айдың 16-на болған. 1-сынып оқушысы сабақтан күндегі келетін уақытынан әлдеқайда кешігіпті. Бұған уайымдай бастаған ана перзентінің үйге келгендегі түрінен тіпті шошып кеттім дейді. Анасына жылап келген қыздың киімі алқам-салқам болып, буылған шашы жұлмаланып кетіпті. Сөйтсе қос құрбыға жол бойында 9-сынып оқшысы тиісіп, екіншісі қашып, біреуі қаскөйдің қолында қалып қойған дейді анасы.
«Сол оқиғадан кейін қызымды алып, Түркістан қаласындағы гинекологқа көрсеттік. Ол жерде дәрігер әрекет жасалған, бірақ қыздығы аман деді. Біз оған да шүкір дедік. Енді соны солай жазып беріңіз десек, біз эксперттердің тірлігіне араласа алмаймыз деді. Сол жерде 102 шақырып, қылмыстық іс қозғаттық»,– дейді жәбірленушінің анасы.
Арада ай өтсе де қызға қол жүгіртті деген бозбала сол күйі жауапқа тартылмады дейді анасы. Сөзінше мектеп басшылығы көп ұзамай қыздың сабаққа келуін талап еткен. Психологиялық соққы алған балақай үлкендердің мәжбүрлеуімен мектепке оралды дейді отбасы. Бірақ көрген қорлығын сол күйі ұмытпаған.
«Қазір қызым күндіз бала болып ойы бөлінгенімен бұрынғыдай тамақ ішіп, ойнай алмайды. Жасық, тұйық болып қалған. Ал, түн батса тіпті ұйқы жоқ. Шошып шығады. Жанынан кетпеуімді сұрап, бір баланың келе жатқанын айтады»,– дейді жәбірленушінің анасы.
Отырар ауданындағы аядай ғана ауылда тұратын отбасы қазір үреймен өмір сүруде. Өйткені қызымызға тиісті деген ер бала ештеңе болмағандай мектепте емін-еркін жүр дейді.
«Арыз тастағалы бері ешқандай іс жүріп жатқан жоқ. Біз өзіміз хабарластық екінші күні тергеушіге. Сараптама тағайындаймын дегенің кәні десек, мал ұрлығы болып жатыр еді. Қолым тимей жатыр деп біздің істі екінші күні-ақ қолға алғысы келмей отыр ғой. Әділдік болады деп осы уақытқа дейін күттік. Жоқ істің бәрі бұрмаланып жатыр. Ешқандай қамалған жоқ ол бала. Емін еркін-ауылда жүр»,– дейді жәбірленушінің анасы.
Сот медициналық сараптамасы қызға ешқандай зақым келмегенін мәлімдеген. Ал полиция департаменті тергеу жүріп жатқанын айтады.
«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, Түркістан облысы тұрғынының барлық уәждері тексерілуде. Бастапқы тергеу іс-шараларының нәтижелері бойынша кәмелетке толмаған қызға қатысты құқыққа қайшы іс-әрекеттер анықталмады. Сонымен қатар сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Оның қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес процестік шешім қабылданатын болады»
Ашынған ата-ана бұл іске Түркістан облысының балалар омбудсмені араласып, ішкі істер министрлігі тексеріс жасауын сұрайды.
Авторы: Назерке Еркінбекқызы, Түркістан облысы
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Перизат Қайраттың көлігі сатылымға шығарылды
- Түркістан облысында қорланды деген 6 жасар қыздың анасы әділдік іздейді
- Перуашев ұсталған журналист Ботагөз Омарованы қолдауға дайын екенін айтты
- Батыс медиасы АҚШ құрлық операциясын бастайтынын жазып жатыр. Трамп неге соққыны кейінге қалдырды?
- Депутат Әбенов: Көшеде жарысатын жүргізушілердің жазасын күшейту керек
- Наурыз ҰБТ: 179 талапкер ереже бұзған
- Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы заң қабылданды
- ІІМ-ді жаппай тазарту қажет — депутат Бақытжан Базарбек
- Әскерде зорлық көргені туралы жалған ақпарат таратып, жылу жиған жігіт қамауға алынды
- Наурыз мерекесін тойламауға шақырған азамат ұсталды: Қылмыстық іс қозғалды
- Зейнетақы жинағынан шешіп алатын қаражат жеткізер емес
- Ормуз бұғазын ашуды талқылау үшін 30 ел бірікті
- ФИФА футболдағы жаңа ережелерді жариялады
- АҚШ пен Израиль соғыстың алғашқы 16 күнінде оқ-дәріге 26 миллиард доллар жұмсаған
- ЮНИСЕФ басшысы: Қазақстанда балалар денсаулығы жақсы қорғалған
- Алматының әл-Фараби даңғылындағы адам өлімі: полиция тексеріліп жатыр
- Алматыдағы бес көлік жарысып, үш адам қаза болған шулы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды
- Талғардағы атышулы іс бойынша учаскелік инспекторға үкім шықты
- Алматыда жүк көлігін жалған құжатпен тіркеген арнайы ХҚКО қызметкерлері сотталды
- Ормуз бұғазын жапқан ирандық қолбасшы Әлиреза Тангсири қаза тапты