Түркістан облысында қарулы ер адам полицияға оқ атты
Фото: Envato Elements.
Түркістан облысының Мақтаарал ауданында ер адам полицейлерге оқ атып, олардың бірін жаралады, деп хабарлайды Orda.kz.
Мақтаралда жергілікті тұрғын бұрынғы күйеуі үйге қарумен келіп, балалардың көзінше жанжал шығарғаны үшін полиция шақырған. Ер адам мен полицияның арасындағы атыс сол сәтте басталыпты.
Полиция келген сәтте ер адам үйден қару ұстап жүгіріп шығып, көршісінің қорасына тығылған. Полицейлер оны берілуге үгіттеуге тырысқан, бірақ берілудің орнына ер адам оларға оқ атып, бір қызметкердің жамбасын жаралады. Полицейлер ескерту ретінде ауаға оқ атқанымен, шабуыл жасаған адам тоқтамапты.
Соңында полиция оған қарсы оқ атуға мәжбүр болды. Ер адам ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар, қорадан тіркелмеген қару, оқ-дәрілер тәркіленді.
«Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында», деп түсіндірді Түркістан облысының полиция департаменті.
Жаңалықтар
- «Дулығасында соғыста қаза тапқан спортшылардың портреті бейнеленген»: Украиналық скелетоншы Олимпиададан шеттетілді
- Хасан Қасымбаевтың ісі бойынша апелляциялық сот отырысының шешімі шықты
- Қазақстан Қырғызстаннан жерді 49 жылға не үшін жалға алмақшы?
- Ресейде бірден бірнеше ірі платформалар бұғатталды
- Қазақстандықтар былтыр тоннадан аса алтын сатып алған
- Түркістанда көшенің қақ ортасында атыс болды
- Есепші бүтіндей мемлекеттік кәсіпорын ақшасын бәске тігіп жіберді
- Жаңа Конституция күні 15 наурызда аталып өтуі мүмкін
- Маңғыстау облысында есірткі жеткізумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды
- Қазақстанда жаңа Конституция жобасы жарияланды
- Пезидент UAE SWAT Challenge–2026 халықаралық жарысында жоғары нәтиже көрсеткен командаларды құттықтады
- TikTok-та танылған Талғар әкімі қызметінен кетті
- Садыр Жапаров Конституциялық сотқа жүгінді
- Дәрігер ауруханада 13 жастағы қызға азғындық жасаған: Істің жай-жапсары
- Доллар неге күрт арзандап кетті?
- Тарихи жеңіс: Қазақстандық арнайы жасақтар Дубайда өткен турнирде алтын және күміс жүлдеге ие болды
- Бүгін Астана оқушылары мен студенттері қашықтан оқиды
- Қазақстанда Референдум 15 наурызда өтеді
- Қылмыстық іс қозғалды: Шымкентте көшенің қақ ортасында бір топ жас жігіт жаға жыртысты
- Анапада техникумында студент атыс ашып, күзетші көз жұмды