Түркістан облысында атыс болып, жасөспірім қаза тапты

cover Фото: Envato

Түркістан облысы Түлкібас ауданында болған атыс салдарынан бір адам қаза тауып, тағы үш адам жараланды. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Orda.kz.

Облыстық полиция департаментінің дерегінше, оқиға 2 қарашаға қараған түні болған. Қайтыс болған адам мен жараланғандардың тұлғалары анықталды. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Оқиға орнына аудандық полиция басшылығы мен жедел-тергеу тобы барды. Күдіктілердің бірі ұсталып, қамауға алынды, ал екіншісін іздестіру жалғасуда.

Ведомствоның хабарлауынша, бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша іс қозғалған. Тергеушілер атыстың себептерін және екінші күдіктінің қайда екенін анықтап жатыр.

Тергеу барысы Түркістан облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Айта кетейік, бұған дейін Жетісу облысында әскери жүк көлігі апатқа ұшырап, бір сарбаз жарақат алды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар