Түркістан облысы құрылыс алаңында жарылыс: 52 жастағы ер адам қайтыс болды

cover

Түркістан облысындағы Сазтөбе ауылындағы құрылыс алаңында болған жарылыс салдарынан 52 жастағы ер адам қаза тапты.

Қарашаның 13-і күні цемент өндіретін «Саз-Төбе Техноложис» ЖШС цехында өрт болды. Зардап шеккендердің бірі - Түлкібас ауданының тұрғыны жарылыс салдарынан алған жарақаттарынан есін жимай, ауруханада көз жұмды. Тағы екі жұмысшы әртүрлі дәрежедегі күйік алған.

«1971 жылы туған ер адам ауыр халде жансақтау бөліміне түсті, денесін 100 пайыз күйік шалған. Қазір ауруханада тағы екі ер адам жатыр: біреуінің денесінің 100%, екіншісінің 70% зақымдалған. Қазір олардың жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде, оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде»,- деді Сайрам аудандық ауруханасының бас дәрігері Ерғали Сәдуақасұлы.

«Еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу» бабы бойынша тергеу басталды. Қылмыстық іс аясында бірқатар сараптамалар тағайындалды.

«Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Бұл факті бойынша тергеу Түркістан облысы ПД басшылығының бақылауында» деп хабарлады Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Өрт пен одан кейінгі жарылысқа кінәлі адам бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар