Түркістан халықаралық әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды

cover Фото: Freepik.com

Түркістан халықаралық әуежайы кәсіпкерден заңсыз алым алғаны үшін 14,3 млн теңге айыппұл арқалады, деп хабарлайды Orda.kz.

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті авиаотынды бөлшек саудада өткізу нарығындағы бәсекелестік жағдайына талдау жүргізді. Талдау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабы 4) тармақшасын бұзу белгілері анықталды.

«Тексеру барысында қоғамның тиісті нарықта үстем жағдайға ие бола отырып, авиаотынды бөлшек саудада өткізетін кәсіпкерден әуежай аумағында сату құқығы үшін алым өндіргені белгілі болды. Бұл әрекеттер Кәсіпкерлік кодекстің 174-бабы 4) тармақшасын бұзу ретінде танылды» деп жазылды хабарламада.

Сот қаулысымен «Түркістан халықаралық әуежайы» АҚ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 159-бабы 3-1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 14,3 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар