Туған күнге арналған тілектер
Фото: Envato
Туған күн – адамның ең ерекше әрі қуанышты күндерінің бірі. Қазақ халқында «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген нақыл бар. Демек, туған күнде айтылған ізгі ниет, ақ баталар адамның өміріне құт-береке әкеледі.
Төменде туған күн иесіне арналған ең мағыналы тілектерді ұсынамыз.
Отбасы мүшелеріне арналған тілектер
Ата-анаға арналған тілектер
Қымбатты анашым/әкем, туған күніңіз құтты болсын! Сіз маған өмір сыйлап, үнемі қамқор болып келесіз. Денсаулығыңыз мықты, ғұмырыңыз ұзақ болсын. Қуаныш пен шаттыққа толы күндеріңіз көп болсын!
Асыл анам/әкем! Бұл өмірдегі ең қымбат жандарымның бірі – өзіңізсіз. Әрдайым жүзіңізден күлкі кетпей, өміріңіз бақыт пен шаттыққа толы болсын!
Құрметті ата-анам, сіздер – өмірімнің тірегі, жүрегімнің шуағысыздар. Ұзақ ғұмыр кешіп, немере-шөбере қызығын көріңіздер!
Аға-апа, іні-қарындасқа арналған тілектер
Аяулы әпкем/апам, туған күніңіз құтты болсын! Әрдайым күлімдеп, өміріңіз тек жақсы жаңалықтарға толы болсын. Бар армандарыңыз орындалсын!
Ардақты інім/қарындасым, бұл өмірде ең биік шыңдарға жетіп, мақсатыңа жете бер. Туған күнің құтты болсын! Әрбір күнің тек қуаныш пен табысқа толы болсын!
Қымбатты бауырым! Өмірің сәттілікке толы болып, әр күнің қуаныш пен жетістікке ұлассын. Денсаулық, бақыт және мол табыс тілеймін!
Достар мен жақындарға арналған тілектер
Жақын досқа арналған тілектер
Жан досым, туған күнің құтты болсын! Бұл жыл саған тек бақыт, молшылық пен жаңа мүмкіндіктер әкелсін. Ең керемет сәттер сені күтіп тұрсын!
Адал достық – өмірдің ең үлкен сыйы. Сен сияқты досым болғанына шүкір деймін. Өмірің шаттық пен берекеге толсын!
Қымбатты досым! Саған қажымас қайрат, мықты денсаулық және бақыт тілеймін! Барлық армандарың орындалсын!
Жақын адамға арналған романтикалық тілектер
Сен менің өмірімнің ең керемет сыйысың! Туған күніңмен! Бұл өмірдегі барлық жақсылық сенің еншіңде болсын. Бақытқа, махаббатқа, шаттыққа толы күндерің көп болсын!
Сен мен үшін ең ерекше жансың! Бүгінгі туған күнің сені жаңа мүмкіндіктерге жетелеп, тек жақсы жаңалықтарға толы болсын!
Әріптестерге арналған ресми тілектер
Құрметті әріптес! Сізге еңбегіңізде табыс, жұмысыңызда шығармашылық шабыт пен жоғары жетістіктер тілейміз. Әр күніңіз сәттілікке толы болсын!
Сіздің кәсіби біліктілігіңізге, адалдығыңызға әрдайым тәнтіміз. Денсаулық, мол табыс және қызметтік өсуді тілейміз!
Сізбен жұмыс істеу – үлкен мәртебе! Әрдайым ең жақсы нәтижелерге жетіп, биік белестерді бағындыра беріңіз!
Сыныптастар мен курстастарға арналған тілектер
Мектептегі сыныптастарға арналған тілектер
Туған күніңмен! Сабақтарың сәтті болып, тек үздік бағаларға оқуыңа тілектеспін. Білімді, ақылды, арманы асқақ тұлға болып қалыптасуыңа тілектеспін!
Сыныптас, туған күнің құтты болсын! Жолың ашық, бағын жанып, тек биіктерден көріне бер!
Армандарың орындалсын!
Сабақта да, өмірде де тек сәттілік серігің болсын. Өмірің шаттыққа толсын!
Курстастарға арналған тілектер
Туған күнің құтты болсын! Университетті ойдағыдай аяқтап, білікті маман атануыңа тілектеспін. Барлық армандарың орындалсын!
Болашақта үлкен жетістіктерге жетіп, өз саламызда үздік маман болатынымызға сенімдімін. Саған мықты денсаулық, сәттілік және бақыт тілеймін!
Студенттік өміріміз көңілді, қызықты естеліктерге толы болсын. Келешекте биік белестерді бірге бағындырайық!
Қысқа, бірақ мағыналы тілектер
- Жүз жаса, бақытқа бөлен!
- Барлық армандарың орындалсын!
- Қуаныш пен шаттық тілеймін!
- Жақсы жаңалықтар мен мол табыс серігің болсын!
- Саған зор денсаулық пен шексіз бақыт тілеймін!
Қорытынды
Туған күн – әр адам үшін ерекше күн. Бұл күні шын жүректен шыққан жылы сөздер, шынайы лебіздер мен ақ тілектер өмірдің ең бағалы сыйы болмақ.
Туған күн иесіне денсаулық, бақыт, ұзақ ғұмыр мен сәттілік тілеу – әрбір адамның міндеті. Себебі, жақсы сөз – адамның көңілін көтеріп, өмірге деген құлшынысын арттырады.
Жақындарыңызға жылы сөз айтып, оларға қуаныш сыйлаңыз!
Жаңалықтар
- Қазақстан халқы алтын құймаларды сатып ауға құмар
- «Ескі» және «Жаңа» Қазақстанның экс-кеңесшісі кісі қолынан қаза тапты. Ресей контрабандаға қысым көрсетуде. Тоқаев Трамппен жолығады
- Араб басқарушылары Астана әуежайынан кетпекші
- Мемлекет ауыл шаруашылығымен айналысқан шаруаларға 300 млрд теңгеден астам қарыз
- Ерлан Қарин «Өзбекстан ханшайымы» Саида Мирзиёевамен кездесті
- Бас прокуратура: «Шетелде табыс табамын деп құлдыққа түсу қаупі бар»
- Полиция Орал қаласы тұрғынынан 12 келіден астам есірткі тәркіледі
- Қостанайда полиция такси атын жамылып жеңгетайлық жасаған ҰҚТ-ны ұстап, тінту жүргізді
- Қазақстан УЕФА турнирі финалын өткізуге үміткер елдердің тізіміне енді
- Алматыдағы әл-Фараби даңғылында болған жол-көлік оқиғасынан бес адам зардап шекті
- Тоқаев Алжир президентін Революция күнімен құттықтады
- Елімізде жанар-жағармай бағасының өсуіне және автогаздың тоқтап қалуына шағымданатын жедел желі ашылды
- Түркістандағы прокурорлар мен судьялар тұратын үйде газ жарылды
- Түркиядағы қонақ үйде 78 адамның өмірін қиған өртке жауапты 11 адам өмір бойы бас бостандығынан айырылды
- Қараша айы жаңбырмен басталады
- Атырау облысында шенеунік өзін-өзі атып өлтірді
- Назарбаевтардың соқпағы: Қытай–Қазақстан шекарасындағы миллиардтарды кім арқылы ұрлады?
- Қазақстан Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайына іздеу жариялады
- «Аралас мектеп – отаршыл саясаттың көрінісі»: Алматыдағы №224 мектеп аралас бола ма?
- Тоқаев Иманғали Тасмағанбетовпен кездесті