Түркиядағы қазақстандық құтқарушылар отанына оралды

cover

Бүгін Астанада жұртшылық Түркиядан келген құтқарушыларды күтіп алды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Газиантеп қаласындағы жойқын жер сілкінісі салдарын жоюға жұмылдырылған қазақстандық құтқарушылардың екінші эшелоны Отанына аман-есен оралды.

«ТЖ министрі Юрий Ильин және Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Экиджи құтқарушыларымызды күтіп алды және атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді. Қазақстан ТЖМ құтқарушыларының күшімен 7 адам құтқарылды. Қаза тапқан 88 адамның денесі шығарылды» деп жазылған хабарламада.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар