Трамп Путинмен Будапеште кездеспейтін болды

cover Фото: flickr.com

АҚШ президенті Дональд Трамп Путинмен жоспарланған Будапештегі кездесудің өтпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz. 

Бұл туралы Трамп Вашингтонда НАТО-ның бас хатшысы Марк Рюттемен кездесуі кезінде айтты.

«Мен қалаған нәтижеге жете алмайтындай сезіндім. Сондықтан кездесуден бас тарттым. Бірақ болашақта кездесу өтеді», — деді Америка президенті Ақ үйдегі брифингте.

АҚШ-тың Қаржы министрлігі Ресейге қарсы санкцияларды күшейтті. 

Ал 16 қазанда Трамп пен Путин Будапеште жеке кездесу өткізетінін айтып, телефон арқылы сөйлескен еді. 

Айта кетейік, Польшаның ұлттық әуе тасымалдаушысы LOT Polish Airlines Варшава — Алматы — Варшава жаңа бағыты ашылатынын хабарлады. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар