Трамп пен Путин Мажарстанда кездеседі
Фото: White House
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен Будапеште өтетін алдағы кездесу туралы жария етті, деп хабарлайды Orda.kz.
Трамптың сөзінше, кездесудің басты мақсаты — Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтату жолын қарастыру.
«Путин мен мен Будапеште кездесеміз. Бұл соғысты, яғни масқара қантөгісті тоқтата аламыз ба, соны көрмекпіз», — деді Трамп.
Сондай-ақ, Трамп Путинмен соңғы әңгімесінде тараптар Таяу Шығыстағы бейбітшілікке қатысты жетістіктер мен екі ел арасындағы болашақ сауда байланыстарын талқылағанын атап өтті.
«Президент Путин мені және АҚШ-ты Таяу Шығыстағы бейбітшілікке қол жеткізгенімізбен құттықтады. Оның айтуынша, ғасырлар бойы армандаған жетістік. Сондай-ақ, ол Меланья ханымның балалармен жұмысқа атсалысқаны үшін алғысын білдірді», — деді Трамп.
Кездесу барысында екі ел арасындағы сауда қатынасы соғыстан кейін қалай дамитыны жайында да айтылған.
«Біз келесі аптада жоғары деңгейдегі кеңесшілеріміздің кездесулерін өткізуді келістік. АҚШ тарапынан алғашқы кездесуді Мемлекеттік хатшы Марко Рубио басқарады. Қалған қатысушылар кейінірек жарияланады. Кездесудің нақты орны әлі белгіленген жоқ», — деді ол.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трампты Газа секторында көптен күткен бейбітшілік орнатудағы маңызды дипломатиялық жеңісімен құттықтады.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады