Трамп Иранды «тас дәуіріне қайтаратынын» мәлімдеді
Фото: Ашық дереккөзден
АҚШ көшбасшысы Дональд Трамп Америка Құрама Штаттары Иранның жаңа «неғұрлым ақылды» басшылар тобымен келіссөз жүргізіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Трамп бұл туралы 1 сәуір күні кешке (АҚШ-тың шығыс жағалауы уақыты бойынша), ал Қазақстан уақытымен 2 сәуір таңертең халыққа жасаған 19 минуттық үндеуінде айтты. Оның сөзін Ақ үй X әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунты арқылы тікелей эфирде көрсетті.
«Осы арада талқылаулар жалғасып жатыр. Біздің мақсатымыз билікті ауыстыру болған жоқ. Біз ешқашан «режимді өзгерту» туралы айтқан емеспіз, алайда дәл солай болды, өйткені олардың бұрынғы басшыларының бәрі қаза тапты. Олардың барлығы мерт болды», — деп түсіндірді таңертең айтқан сөзінен кешке айни салатын Америка көшбасшысы.
Оның пікірінше, жаңа топ «азырақ радикалды және әлдеқайда парасатты» екен.
Еске салайық, сөзінің басында Ақ үй басшысы АҚШ-тың Ирандағы стратегиялық мақсаттары «аяқталуға жақын» екенін айтқан, бірақ қашан орындалатынын нақтыламады.
Сондай-ақ президент АҚШ Иранға жасалатын бомбалау қарқынын төмендетпейтінін айтып, Тегеранды «алдағы екі-үш апта ішінде» жаңа соққылармен қорқытты. Оның сөзінше, АҚШ Иранды «тас дәуіріне қайтарады».
Бұған дейін Трамп әлеуметтік желілерде Иранның атысты тоқтатуды сұрағанын мәлімдеген, алайда Тегеран Ормуз бұғазын жабуды тоқтатпайынша, бұл мәселені қарастырмайтынын айтқан. Өз кезегінде Иран мұндай өтініш жасағанын жоққа шығарды.
Трамп американдық күштер Ислам Республикасының негізгі әскери нысандарын, соның ішінде оның әскери-теңіз флотын, әскери-әуе күштерін және ядролық нысандарын жойып жібергенін атап өтті.
«Біз Иранмен небәрі 32 күн бойы соғысып келеміз және олар жойылды», - деп атап өтті президент, АҚШ өңірдегі өз мақсаттарына қол жеткізгенін атап өтті.
Трамп сондай-ақ Иран келіссөздер барысында жеңілмесе, АҚШ елдің энергетикалық және мұнай инфрақұрылымына соққы беруді қоса алғанда, шабуылдарды жалғастыруға дайын екенін айтты. Президент Иранмен соғыстың АҚШ-тың бұрынғы көптеген әскери қақтығыстарынан әлдеқайда қысқа екенін атап өтті.
Сондай-ақ, Трамп президент Обама кезінде Иранмен жасалған ядролық мәмілені «апат» деп атап, оны бұзу өзі үшін «абырой» екенін айтты. Ол егер АҚШ Иранның ядролық бағдарламасын тоқтату бойынша шаралар қабылдамаса, онда елде ядролық қарудың бар болуы Таяу Шығысқа ғана емес, Еуропа мен АҚШ-қа да қауіп төндіретінін атап өтті.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Қырғызстан аумағына Ресей ұшағынан оқ-дәрілер түскен
- Италия мен Түркия жағалауында 40-тан аса мигрант қаза тапты
- 15 жастағы қазақстандық футболшы «Барселонамен» келісімшартқа қол қойды
- Александр Лукашенко Беларусь «соғысқа дайын» екенін айтты
- Трамп Иранды «тас дәуіріне қайтаратынын» мәлімдеді
- Трамп Иран билігі соғысты тоқтатуды өтінгенін мәлімдеді
- Қате диагноз қойылған ба? Шымкентте қайтыс болған әйелдің туыстары жанайқайын айтты
- Астанада бұрынғы әйелінің қыр соңынан қалмаған сталкер жазаланды
- Алматыдағы Республика алаңы не үшін қоршалғаны белгілі болды
- Тоқаев Сауд Арабиясымен ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға айрықша мән береді
- Бақытжан Базарбек: Үкімет тарифті өсірсе — халықтың қалтасы көтермейді
- Депутат мас жүргізушілерге рақымшылық жасауға қарсы шықты
- Дұшпандар құрлықтағы соғыста қып-қызыл шығынға ұшырайды — Иран СІМ
- Ұлттық банк төрағасы долларға қарағанда теңгеге көп сенім артатынын айтты
- «Мошенники» сериалының жұлдызы алаяқтықтың жаңа түрін айтып ескертті
- Ермұрат Бәпи: Өз әйелін хайуан ұқсатып, сыйға беру — қылмыс
- «Маған жала жабылды»: Актер Асқар Жұмабек мәлімдеме жасады
- Полиция растады: «Нұрай Серікбайды өлтірді деген күдікті психикалық емдеу мекемесінде жатыр»
- Алматыда АИТВ жұқтырған ер адам 13 жастағы қызды зорлағаны үшін өмір бойына сотталды
- Әділетхан Молдахан 10 күнге қамалды