Трамп Иран өркениеті «жойылуы» мүмкін екенін тағы мәлімдеді

cover Фото: Шетелдік БАҚ-тардан

АҚШ президенті Дональд  Трамп Иран өркениеті «жойылуы» мүмкін екенін кезекті рет мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.      

АҚШ президенті әдетінен жаңылмай, Truth Social платформасында Ираға қатысты тағы бір жазба жариялады. 

«Бүгін кешке тұтас бір өркениет жойылып, енді ешқашан қайта қалпына келмейді. Мен мұндайдың болғанын қаламаймын, бірақ, бәлкім, солай болады. Алайда енді бізде толық және абсолютті режим ауысады, мұнда ақылдырақ әрі радикалды емес күштер үстемдік етеді — мүмкін, таңғаларлық өзгерістер болуы ықтимал» деп жазды ол.

Сонымен қатар АҚШ президенті әдеттегі қоқан-лоққы стиліне көшіп, таңғаларлық өзгерістер болуы ықтимал екендігін қосып қойды.

«КІМ БІЛЕДІ? Біз мұны бүгін кешке, әлем тарихындағы ең маңызды сәттердің бірі ретінде білетін боламыз. 47 жылға созылған бопсалау, жемқорлық пен өлім ақыры аяқталады. Ұлы Иран халқына Құдай жар болсын!» деп аяқтады жазбасын.

Еске салсақ, журналист Такер Карлсон Трампты Иран туралы «Аллаға мадақ» деген жазбасы үшін қатаң сынға алды. Сонымен қатар, ол АҚШ қақтығыстарды діндер арасындағы бәсекеге айналдырмауы керек екенін айтты. Оның сөзінше, мұндай мәлімдемелер сенім өз қағидаттарына соққы болады.

Бүгін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға тағы да қатаң ескерту жасады: егер Тегеран бүгін кешке дейін Ормуз бұғазын ашпаса, АҚШ бір түннің ішінде елді «жойып жіберуге» дайын екенін мәлімдеді. Тілшіміздің шолуын толық мына жерден  оқи аласыз.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар