Токио-2020: Дмитрий Баландин жартылай финалға шықты

cover

Дмитрий Баландин Олимпиада ойындарында 200 метрге брасс әдісімен жүзу жарысында жартылай финалға шықты.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Спортшы іріктеу сынында 2:08,99 көрсеткіші 7-інші орынмен жартылай финалға жолдама алды. Алматы қаласында дүние есігін ашқан Дмитрий Баландин 2016 жылы Рио Олимпиадасының 200 метрге брасс әдісімен жүзу жарысында алтын медаль иеленген.

Сондай-ақ, 2014 жылы Азия ойындарының үш дүркін жеңімпазы атанған. Еске салайық, бұған дейін Баландин 100 метрге брасс әдісімен жүзуде бірінші кезеңнен өте алмай қалған еді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар