«Тоқалына депутат мандатын сыйлады»: Мәжіліс депутаты некесіз ұлы бар екенін мойындады
Фото: әлеуметтік желіден
Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев «тоқалына депутаттық мандатын сыйлады» және «некесіз баласын жасырды» деген айыптауларға жауап берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Айыптаулар Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Нұрайым Шәкімергенге қатысты айтылған. Қырықбаев оның мандатқа өз дауысымен сайланғанын және ешкімге «мандат сыйламағанын» мәлімдеді.
«Әлеуметтік желілерде түрлі жазбаларды көрдім. Тіпті мен оған мәслихаттағы депутаттық орнымды сыйлады деген де ақпарат тарады. Бұл ақылға қонымсыз. Ол өз сайлау округінде халықтың дауысымен сайланды. Егер сұрақтарыңыз болса, сайлау комиссиясына жүгініңіздер. Мен сайлаушыларға „оған дауыс беріңдер“ деп те айтқан жоқпын», — деді депутат.
Қырықбаев жеке өміріне қатысты әңгімелерге де түсініктеме берді.
«Ол менің тоқалым ба, жоқ па – бұл менің жеке өмірім, оны жария етуге міндетті емеспін. Ал бала туралы айтар болсам, мен еш жерде „ол менің балам емес“ деген жоқпын. Ол – менің ұлым. Мен оған өз тегімді бердім. Мұны не Алладан, не халықтан жасырмаймын», — деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай облыстық мәслихаттың бұрынғы депутаты Ынташ Наурызованың ұлының әкесі екені ресми түрде расталды.
Жаңалықтар
- Наурыз ҰБТ: Ереже бұзған 264 талапкердің нәтижесі жойылды
- 13 теңгелік бензин: Иран өзін-өзі қалай алдап отыр?
- Ең көп жалақыны кім алады? Министрлік табысы жоғары мамандарды атады
- Жоқ малға субсидия алған: 3 миллиард теңгеден астам залал келтірген 15 адам сотталды
- Бішкекте зираттарға не үшін бейнебақылау камералары орнатылып жатыр?
- Трамп өзін қолдамаған НАТО одақтастарын жазаламақшы
- АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздердің алғашқы раунды 11 сәуірде өтеді — Ақ үй
- Алматы облысында 2 балдық жер сілкінісі болды
- Бітім қыл үстінде: Израиль соққыларынан кейін Иран Ормуз бұғазын қайта жапты
- 14 күндік келісім: Пезешкиан Пәкістанға делдал болғаны үшін алғыс білдірді
- Қырғызстанда қазақстандық әйелге бала саудасы бойынша үкім шықты
- Италия сапары мен қымбат тұрмыстық техника: Астанадағы қалалық емханада 675 млн теңге жымқырылған
- Перизат Қайрат түрмеде тазалықшы болып жұмыс істеп жүр
- Тоқаев Корея президентінің арнаулы өкілімен қазақ-корей ықпалдастығын одан әрі нығайту жолдарын талқылады
- Қазақстан Түркияның әскери мүлкі мен әскери қызметкерлерінің транзитіне рұқсат береді
- Мәжіліс депутаты радикал діни ағымдарға заңмен тыйым салу мәселесін қайта көтерді
- Мемлекеттік қызметкердің есірткіге әуестігі тексеріледі: Мәжіліс заң жобасын қарап жатыр
- Магнус Карлсенмен суретке түскен Алуа Нұрман халықаралық турнирден 2-орын алды
- Қаңғыбас иттерді өлтіруге рұқсат берілді
- Ақтөбе облысы әкімдігі ғимаратында болған өрттің алдын ала себебі белгілі болды