Тоқаевтың әйелдерге қатысты сөзіне Ақорда түсініктеме берді

cover Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз қызметі әйелдер туралы сөзінің қоғамда туғызған талқысына түсініктеме берді, деп хабарлайды Orda.kz.

Мемлекет басшысы жолдауында «Құқық пен тәртіп» қағидасына тоқталып, қоғамдық тәртіпті бұзатындардың қатарында әйелдер де бар деп айтқан. Баспасөз бұл сөздің мәні мүлде басқа екенін нақтылады Ақорда әкімшілігі бұл сөздің мағынасы мүлде басқа екенін түсіндірді.

«Тіпті ежелден сұлулық, нәзіктік пен үйлесімділіктің символы болып келген әйелдер де дауларға араласып жатса, бұл мінез-құлық мәдениетіндегі дағдарыстың тереңдігінің белгісі. Бұл сөгіс емес, барлық адамдарға, жынысы мен жасына қарамастан, қоғамымызда сыйластыққа негізделген мәдениетті қайта орнатуға үндеу. Көріп отырғанымыздай, жолдарда, кезектерде, вокзалдар мен ұшақтарда бір-біріне құрметсіздік көрсететін жағдайлар жиілеп барады, олар біздің менталитетіміздің бөлігіне айналмауы тиіс. Сондықтан айтылған сөздердің мәні – этика, қарым-қатынас мәдениеті, әдеп пен өзара сыйластықты қалыптастыру, және бұл міндет тек әйелдердің ғана емес, бүкіл қоғамның парызы»,  деп түсіндірді президенттің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, баспасөз қызметі Тоқаевтың әрдайым әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға ерекше назар аударатынын еске салды.

«Оның бастамасымен партия тізімдерінде әйелдер квотасы бекітілді, еңбек дискриминациясы жойылды, бала күтімі бойынша жәрдемақы төлемдерінің мерзімі ұзарды, ІІМ-де әйелдерге зорлық көрсетуден қорғау үшін жеке басқарма құрылды, барлық өңірлерде отбасыға қолдау көрсету орталықтары мен 111 байланыс орталығы ашылды»,  деп атап өтті Ақорда.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар