Тоқаев ҰҚК шекарашыларына қосымша қызмет жүктеді
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының өкілеттіктеріне, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік комитеті мен шекара қызметіне жаңа ережелер енгізді.
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметіне мыналар қосылды:
- ҚР аумағында жұмыс iстейтiн байланыс операторларына және байланыс желiлерi иелерiне өзiнiң немесе қарыз қаражаты есебiнен олардың телекоммуникация жабдығының функцияларын пайдалануды техникалық жүргiзу үшiн қамтамасыз ету қағидаларын әзiрлеу және бекiту;
- Байланыс саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша жедел-iздестiру, қарсы барлау қызметi және желiлер мен байланыстарға қойылатын талаптар;
- Байланыс саласындағы уәкілетті орган айқындайтын дүлей зілзалалар (жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, су тасқыны және басқалар), экологиялық дағдарыстар, табиғи өрттер, эпидемиялар салдарынан туындаған әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы;
- Мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте пайдалану үшiн деректер қорын сәйкестендiрiлген нысанда ұсыну қағидаларын үйлестiру;
- Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын мәліметтерді өңдеу орталығының қызметін ұйымдастыру қағидаларын келісу;
- Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын деректерді өңдеу орталығының халықаралық немесе ұлттық техникалық аудитінен өту қағидаларын келісу.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметіне мыналар қосылды:
- ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен адам саудасының алдын алу бойынша шаралар қабылдау;
- Адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы қауіптерді бағалауға қатысу және оларды барынша азайту жөнінде ұсыныстар енгізу;
- Адам саудасы құрбандарын оларға көмек көрсету және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін қайта жіберуге қатысу;
- Ішкi iстер органдарын өздерiне белгiлi болған адам саудасымен байланысты алдағы немесе аяқталатын қылмыст фактiлерi туралы хабардар ету;
- Халықты адам саудасына қарсы күрес саласындағы қызмет нәтижелері туралы хабардар ету;
- ҚР құқық қорғау органдарына азаматтарды қорғауда және шекаралас аумақта халықтың көші-қоны саласындағы ҚР заңнамасын сақтауға жәрдемдесу;
- Басқа мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп адам саудасының алдын алу жөніндегі іс-шараларға қолғабыс ету.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Шекара қызметінің жаңа функциялары 2025 жылдың 7 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады