Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Әзірбайжанға барады
Фото: Ақорда
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің шақыруымен 6–7 қазан күндері Әзірбайжанға ресми сапармен барады, деп хабарлайды Orda.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеп.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Ильхам Әлиевтің шақыруымен 6–7 қазанда Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің XII саммитіне қатысу үшін Әзірбайжанға сапармен барады» деп жазылған ресми хабарламада.
Саммит Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы маңызды саяси шара болып саналады. Онда мемлекет басшылары ынтымақтастықтың өзекті бағыттарын, өңірлік және халықаралық мәселелерді талқылайды.
Кеше Digital Bridge 2025 халықаралық форумы алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровпен кездесті.
Одан екі күн бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев пен Италия президенті Серджо Маттарелла бірін-бірі орденмен марапаттады.
Жаңалықтар
- Санитарлық дәрігердің қаулысы: Астанада тұмау белгілері бар балалар мен ұстаздар сабаққа жіберілмейді
- Ақтаудағы аялдамалардың бірінен ер адамның мәйіті табылды
- Алдағы аптада Алматыда минус 21 градус суық болады
- АҚШ Қарулы Күштері Латын Америкасындағы есірткі картельдеріне әуе шабуылын бастайды
- Берік Уәли онлайн ойынның кейіпкері болады
- Орталық Азияға астық экспорты: Өзбекстанның қамбасы лық толды, Қазақстан жаңа шешім іздеуде
- Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты жол қозғалысы шектелді
- Гоада клубтан шыққан өрт 25 адамның өмірін жалмады
- Зеленский Уиткоффпен және Кушнермен Ресейдің жаңа шабуылының қаупі туралы телефон арқылы сөйлесті
- Қазақтың жас таеквондашысы Бейбарыс Қаблан әлем чемпионы атанды
- Түркістанда жұдырығы жуан шенеунік қызметінен айырылды
- Алматыда түнде болған алапат өрт сөндірілді
- Батырхан Төлеуғали жастар арасында таеквондодан әлем чемпионы атанды
- Жолдарда полиция бірнеше есе көбейді
- Лисаковскідегі бала зорлағыш өмірінің соңына дейін түрмеге тоғытылды
- Жағармай үшін өмірін жақты: Әскери бөлім қоймасының меңгерушісі тоғыз жылға сотталды
- Алматы облысындағы Нарынқол шекара бекетінде әскери қызметші мен баласы қаза тапты
- ТЖМ еліміздің оңтүстігіндегі жер сілкінісінен кейін нысандар мен ғимараттарды тексерді
- Бас прокуратура алаяқтардың жаңа «әдісі» туралы ескертті
- Алматы кәуапханаларында экологиялық және санитарлық бұзушылықтар анықталды