Тоқаев ТМД-ның өзге басшыларына Каспий, көлік, креатив жөнінде ұсыныс жасады
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбеде өткен ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі. Қазақстан Президенті үш негізгі ұсыныс жасады, деп хабарлайды Orda.kz.
Біріншісі көлікке қатысты. Тоқаев ТМД-ның Біртұтас цифрлық көлік-логистикалық картасын жасауды ұсынды. Оның пікірінше, бұл бірыңғай көлік кеңістігін құруға көмектеседі. Бұл инвестиция тартуды жақсартуға мүмкіндік береді.
Екінші ұсыныс Каспий теңізінің таяздануына және жалпы табиғи апаттарға қатысты.
«Төтенше климаттық және техногендік жағдайларды болжау жөніндегі өңірлік орталық құру арқылы күш-жігерімізді біріктіруді ұсынамыз. Каспий теңізінің тез таяздануы елеулі алаңдаушылық тудыруда. Негізінде, бұл енді өңірлік емес, жаһандық проблема. Сондықтан біз өз бастамамызбен әзірленіп жатқан Каспийдің су ресурстарын сақтау жөніндегі мемлекетаралық бағдарламаға қосылуды ұсынамыз», — деді Тоқаев.
Үшінші ұсыныс — креативтік индустриялар қауымдастығын құру. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, ол жас таланттардың креативтік экономиканы белсендірек дамытуына көмектесуі мүмкін. Ал ТМД елдерінің бұл салада әлеуеті зор, деді ол.
Путин мен Тоқаевтың Душанбедегі келіссөздер барысында нені талқылағанын және Ресей басшысы Назарбаевтың қандай еңбектерін еске алғанын мына жерден оқи аласыз.
ТМД мемлекеттері кеңесі отырысы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин жүздесті.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың дамуын талқылады. Путин Тоқаевқа бұл мәселеге қатысты жылы көзқарасы үшін алғыс білдірді.
4 шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес құру туралы жарлыққа қол қойды.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады