Тоқаев «Самұрық-Қазына» қоры басшысының есебін тыңдады
Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасын қабылдады. Нұрлан Жақыпов қордың биылғы жылдың сегіз айындағы қызметінің қорытындылары туралы баяндады, деп хабарлайды Orda.kz.
Мемлекет басшысына өндірістік және қаржылық көрсеткіштер, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының жыл қорытындысы бойынша күтілетін нәтижелері таныстырылды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысына қор тобының басым жобаларының орындалу барысы туралы баяндалды. Осылайша, жыл соңына дейін алты ірі жобаны (Астрахань-Маңғышлақ су құбырын қайта жаңғырту, Сарша және Жылы жағажай аумақтарын газдандыру, Бейнеу-Жаңаөзен газ құбырының 2-ші желісінің құрылысын аяқтау, Мақат-Солтүстік Кавказ газ құбырын тарту, ГРЭС-1 1 блогын қалпына келтіру, Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің батыс аймағының электр желісін нығайту) аяқтау жоспарлануда.
Нұрлан Жақыпов қор активтерін жекешелендіру жоспарының орындалу барысы туралы да айтты. Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, «KEGOC» АҚ 2023 жылдың 10 қарашасында аяқталады деп жоспарлануда.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ бейіндік емес активтерді жекешелендіру және «Самұрық-Қазына» қоры компанияларының ашық IPO-сын өткізу бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады