Тоқаев Путинмен телефон арқылы тағы да сөйлесті

cover Фото: Ақорда

Қазақстан мен Ресей президенттері қайта хабарласты. Президенттер Тоқаевтың 12 қарашаға жоспарланған Мәскеуге сапарына дайындық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Orda.kz.

Көшбасшылар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынастарды дамыту үшін алдағы келіссөздердің маңыздылығын атап өтті.

 Сонымен қатар, Тоқаев пен Путин қазіргі халықаралық ахуал туралы пікір алмасты.

Соңғы кездері Қазақстан мен Ресей президенттері жиі хабарласып тұрады. Оның үстіне Ақорда таратқан мәліметке қарасақ, әңгіме тақырыбы бірдей. 

 Айтпақшы,  Душанбеде болған жеке кездесуде көшбасшылар телефон арқылы сөйлескен тақырыпты қайталап, сапар, серіктестік және әлемдік ахуал туралы айтты. Рас, ол кезде Путин Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегін жеке еске салған болатын.

Екі күн бұрын Ресей президенті Ресей-Қазақстан байланыстары жоғары деңгейде екенін атап өтіп, Тоқаевты Республика күнімен құттықтады.

Биылғы Мәскеуде өткен шеруде Путин Тоқаевқа әкесіне арналған Кеңес Одағының батыры атағын беретін марапат қағазын тапсырды.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар