Тоқаев пен Назарбаев Лукошенконы Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Фото: Ақорда
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь президенті Александр Лукашенконы Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Orda.kz.
Беларусь президентінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Лукашенконы әлем елдерінің басшылары, халықаралық ұйымдар мен интеграциялық бірлестіктер жетекшілері, сондай-ақ саяси және қоғам қайраткерлеріне құттықтау хаттарын жолдап отыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатында Александр Лукашенкоға мемлекеттік қызметте табыс, ал Беларусь халқына тыныштық, бақ-береке және өсіп-өркендеу тіледі.
«Сіздің берік басшылығыңызбен Беларусь елі әлеуметтік-экономикалық дамуда және халықтың әл-ауқатын арттыруда елеулі табыстарға қол жеткізіп келеді. Қазақ халқы бауырлас беларусь халқына, оның бірегей мәдениеті мен ұлттық дәстүрлеріне әрдайым терең құрметпен және ықыласпен қарайды. Қазақстан біздің елдер арасындағы достық пен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту жолындағы Сіздің жеке үлесіңізді жоғары бағалайды және қазақ-беларусь қарым-қатынастарын жаңа сапалы деңгейге көтеруге бағытталған күш-жігеріңізді толық қолдайды», — деп атап өтті Қазақстан президенті.
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев та құттықтау жеделхатын жолдады.
«Алдағы уақытта да еліңіз халықаралық аренада өз орнын нығайтып, жаңа жетістіктерге қол жеткізе береді деп сенемін», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Еске сала кетейік, Дәурен Абаев Рамзан Қадыровтың 17 жастағы ұлының үйлену тойына барғанын растады.
Жаңалықтар
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады
- Эвакуация басталғалы Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды
- Ормуз бұғазы арқылы бір литр де мұнай өтпейді — Иран
- Астанада ауа райы қолайсыз: Кейбір оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
- АҚШ Ауғанстанды заңсыз қамауларды қолдайтын мемлекет деп таныды
- Демалыс күндері Таяу Шығыста не болды: Ирандағы соғыс, мұнай бағасының шарықтауы
- Трамп: АҚШ Иранға жасалатын соққы қарқынын 20 есе арттыруы мүмкін
- Қырғызстанда мектеп маңында зиян тағам сатуға тыйым салынады
- Тегеран Түркия, Әзербайжан және Кипрге шабуыл жасамаған — Иран СІМ
- 2430 жылға сотталуы мүмкін: Стамбұлдың экс-мэріне қатысты сот басталды
- Ирандағы «мұнай аралас жаңбыр»: ДДҰ дабыл қақты
- Атырауда Жангелдин ауылының жоғалып кеткен екі тұрғынының мәйіті табылды
- Қазақстанның үздік теннисшісі турнирдің ширек финалына шықты
- «Қышқыл бұлттар» пайда болғаны туралы ақпарат жалған
- Дауыс беру кезінде «өшіп кететін сия» туралы бейнеге ОКҚ түсініктеме берді
- Ұлттық банк төрағасы Қазақстандағы инфляцияның үдеу қаупі туралы айтты