Тоқаев референдумда барлық азаматқа тең жағдай жасауды тапсырды

cover Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Кездесу барысында сайлау жүйесін жетілдіру, сайлау науқандарына дайындық барысы және электоралдық үдерістердің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Нұрлан Әбдіров мемлекет басшысына комиссияның атқарып жатқан жұмыстары, алдағы саяси науқандарға дайындық деңгейі, сондай-ақ сайлау заңнамасын жетілдіру бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Президент сайлау үдерістерінің заң талаптарына толық сәйкес, ашық әрі әділ өтуінің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету және қоғам сенімін арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

Еске салсақ, Конституция бойынша референдум өткізуге Үкімет резервінен шамамен 21 млрд теңге бөлінді.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар