Тоқаев Нидерландыдағы Қазақстан елшісін қызметінен босатты

cover Фото: Премьер-министр сайты

Президент жарлығымен Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Нидерланд корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды, деп хабарлады Orda.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Тоқаев Жұмағалиевті Қазақстанның Нидерландыдағы елшісі қызметінен босатты. Сонымен қатар ол Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы тұрақты өкіл қызметін қоса атқарушы лауазымынан да босатылды.

Бұл қызметке Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев  2020 жылы тағайындалған.

Нидерланд корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметіне Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов тағайындалды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар