Тоқаев Конституциялық комиссия құру туралы жарлыққа қол қойды
Фото: Ақорда
Қазақстан президенті Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құру туралы жарлыққа қол қойды. Жаңа органның негізгі мақсаты — елдің Негізгі заңына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу, деп хабарлайды Orda.kz.
Құжатты Ақорданың баспасөз қызметі жариялады.
Жарлықпен комиссияның ережесі мен құрамы бекітілді. Оның орындалуын бақылау Президентінің әкімшілігіне жүктелді.
Тоқаев жанындағы консультативтік-кеңесші орган Конституцияны реформалау жөніндегі ұсыныстарды дайындаумен, сондай-ақ оларды құқықтық және ұйымдастырушылық тұрғыдан пысықтаумен айналысады.
«Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ, осы ережені басшылыққа алады», – деп жазылған хабарламада.
Комиссия құрамына төраға, төрағаның орынбасарлары, хатшы және комиссия мүшелері кіреді.
Комиссия құрамына Парламент депутаттары, мәслихат басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, қоғам қайраткерлері, сарапшылар мен мемлекеттік қызметшілер енді.
Комиссия төрағасы болып Конституциялық соттың төрайымы Эльвира Азимова тағайындалды.
Төраға орынбасарлары — мемлекеттік кеңесші Ерлан Карин және Премьер-Министрдің орынбасары — Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.
Хатшы — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі Айдар Жарылғанов.
Жарлық қол қойылған сәттен бастап күшіне енді
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады