Тоқаев Қырғызстан президентіне жеделхат жолдады

cover

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровқа жеделхат жолдап, қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан Қырғызстан басшысын және қырғыз халқын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтады.

Бұл туралы Orda.kz Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

– Бұл – егемен Қырғызстан тарихындағы ұлттың бірлігін, тұрақтылығын, жасампаздық рухын бейнелейтін, мемлекеттілікті одан әрі нығайту, Қырғыз елінің ұзақ мерзімді және тұрақты дамуы үшін мәңгілік маңызды күн.

– Тарихы терең бауырлас халықтардың ортақ мүдделері мен ғасырлар бойғы достығы және татукөршілік дәстүрін сақтай отырып,  Тәуелсіздіктің алғашқы сәтінен-ақ қазақ пен қырғыз иық тіресіп, өзара жетістіктерге шынайы қуанып, бір-біріне үнемі қолдау көрсетіп келеді. Күш-жігерімізді жұмылдырып, көп қырлы ынтымақтастығымыздың тұрақты дамуына тың серпін бере алатынымызға сенімдімін. Бұл қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы үшін жаңа көкжиектерге жол ашады, - делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровтың жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, бауырлас қырғыз халқына өркендеу мен өрлеу тіледі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар