«Терроризмді насихаттаған»: Семей қаласының тұрғыны желідегі хабарламасы үшін сотталды

cover Фото: freepik.com

Семей қаласының тұрғыны әлеуметтік желіде терроризмді насихаттағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Сотталушы «Ислам мемлекеті» халықаралық террористік ұйымы ақпараттарын таратқан.  Қазақстанда ол ұйымға тыйым салынған.

Бас прокуратура мәләметінше, Семей тұрғыны 2024 жылдың шілде айынан 2025 жылдың сәуір айына дейін «TikTok» әлеуметтік желісіндегі жалған аккаунттар арқылы террористік сипаттағы материалдарды таратқан. Тіпті, адамдармен сөйлесіп, оларға ұйымды насихаттаған. 

«Сот үкімімен ол Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігімен (терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру) кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды», деп хабарлады Бас прокуратура. 

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар