Теңіз бен Королевское кен орындарында мұнай өндіру уақытша тоқтатылды
Фото: Бейнеден кадр
Кеше, 18 қаңтар күні таңертең Теңізшевройл (ТШО) зауытында алдымен бір, кейін екінші электр трансформаторы өртенді, деп хабарлайды Orda.kz.
Өрт салдарынан өндіріс нысанынан 473 адам эвакуацияланды. Электр жүйесіндегі ақауларға байланысты Теңіз және Королевское кен орындарында мұнай өндіру уақытша тоқтатылды.
«ТШО-ның техникалық қызметтері оқиғаның бастапқы себебін анықтау бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Ал негізгі мақсат – қалыптасқан жағдайды қауіпсіз түрде жою», деп мәлімдеді «Теңізшевройл» ЖШС-ның баспасөз қызметі.
Айта кетейік, «Теңізшевройл» Қазақстандағы жалпы мұнай өндіру көлемінің шамамен үштен бірін қамтамасыз етеді.
Еске салайық, Алматыда үй иесін байлап, қарақшылық қылған 2 адам ұсталды.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады